Балалық шағымның аспаны.

Рүстем Əбдірəштің "Балалық шағымның аспаны"атты киносын көрген едім.Рүстем ағамыз қазақтың жинақы образын тұрмыс арқылы бергісі келген сияқты.Мысалы,Əбіштің қорасына қасқыр түсетін эпизод бар.Қасқырға қарсы шапқан Əбіш жанталасып,өртенген қойларды сыртқа шығарады."Алма жегім келеді" деген бала тілегін орындау үшін түн екен демей,қысқы боранға қойып кететін "ерлікті" де тек біз ғана түсінеміз.Кино əркімге де ауылын сағындырады.Фильмде ең есте қалатын образ-бала Сұлтан. (Елжас Əлпиев).Ал оның бозбалалық шағын сомдайтын Нұрлан Əлімжан.Бас кейіпкердің ата-анасына келсек,Ержан Жарылқасын мен Алмагүл Əлішева толыққанды,сом образдар қойып шықты.Қос актердің де қарапайымдылығы мен табиғилығы киноға əр беріп тұр.Баланы бесікке бөлеу,əженің талқан тартуы,асық жинауы,ұршық иіргені,əкенің мал бағып,ағаш отырғызғаны,боранды күнде адасуы,ет асу,құрт қайнату,тұсаукесер...."Анау қырдың басында Тойбай отыр,Беті қызыл қатынды қоймай отыр".Сұлтан ұшқыш болмаса да,ел үшін туған ер болып,қиын-қыстау сəтте халқының көшін бастады.



Бөлісу: