Бес жыл бойы көрсетілген "Келін" телехикаясы аяқталады.

Бес жыл бойы көрсетілген "Келін" телехикаясы аяқталады.
жеке
блог

"Қазақстан" телеарнасының рейтингі жоғары телехикаяларының бірі «Келін» ақпан айында аяқталады, деп хабарлайды Baq.kz . Хикаяның аяқталатынын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың өзі растады. «Келінді қашан құртасыздар? Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп ой бір қуанып едік. әзірге сыңқылдаған үнді сериялының музыкасының үні өшпей тұр», – деп назын білдірген көрермендерге Ойшыбаев мырза ақпан айында «Келіннің» аяқталатынын айтып, көңілін жайландырды. Осының алдында бұл телехикая 2015 жылдың тамыз айында шамалы уақытқа тоқтап, кейіннен қайта жалғасқан болатын. Ұлттық арна басшылығы тіпті, осы фильмде ойнаған Ананди рөлінің сомдаушысы-Авика Гор, Шив — Сиддхарт Шукланы арнайы шақырып, кездесу өткізген болатын.
"Келін" тек Қазақстан елінде ғана танымал емес, сонымен қатар Үндістнада да үлкен сұранысқа ие екен. Жалпы телехикая 2245 бөлімнен тұрады.