Шын айтсам, мен бала кезден Жаңа жыл мерекесін ұната бермеймін. Келер жылды қалай қарсы керектігін, ол қандай болатынына аса мән бермейтін едім. #Luopan компаниясының ұйымдастыруымен өткен астролог, фэн-шуй маманы Елена Топольскаямен кездесуден кейін көп дүниеге көзқарасым өзгерді.
Кездесуде айтылған дүниелер өзіме ғана емес, сіздергеде пайдаға ассын деген ниетпен бөліскім келіп отыр.
Келер жыл доңыз жылы табысты жыл болады. Әсіресе, ит жылы туылған жандарға жақсы жыл болады. Ит жылы туылғандар биыл мүше жастан шығады. Ал сиыр, жылан, тауық жылы туылғандар келер жылы көп саяхатқа шығады. Бірақ, жылан жылы туылғандар келер жылы эмоцияға көп беріледі. Сондықтан да кей сәттерде ашуға берілмей, шыдамдылық пен салмақтылық танытуы қажет.
Доңыз жылы металлдан жасалған әшекейлерді (алтын, күміс, қола секілді) таққан дұрыс. Жаңа жыл 4 ақпан күні сағат 9:15-те басталады. Жаңа жылды қарсы алар алдында үйді тазалап, қажет емес дүниелерді лақтырып, қызыл, алтын түстермен үйді безендіруге болады.
2019 жылы 5 мәрте күн тұтылады (6 қаңтар, 21 қаңтар, 2 шілде, 16-17 шілде, 26 желтоқсан). Күн тұтылар алдындағы 3 күн және кейінгі 3 күні өте қауіпті күндер. Бұл күндері өте сақ болған жөн. Ешкіммен ренжіспеген, маңызды құжаттарға қол қоймаған, алыс сапарға жолға шықпаған жөн.