Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
жеке
блог

Білекті түріп қойып, блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

 

Сағат түнгі 1-ден асты. Күн дүйсенбіден сейсенбіге ауды... Ал мен, әдеттегі ше, блог жазбақпын. Бірақ, ойыма келген қызық тақырып ұмыт болды ма? Әлде неден бастарымды білмегеннен бе, блогқа деген «шабытым» келмей қалды...

Сонымен, мен қазір ғаламторды ақтарып отырып, осы пәнге қатысты оқулығымды парақтап отырып, жалпы «Блог деген не?» - деген сұраққа жауап іздеп көрдім.

Гугл-дың іздеу жолына сұрағымды қойып қалғаным сол еді, Уикипедия «атам»: -«Блог (ағылш. blogweb log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап»-деп жауап берді. Осы ақпараттың арқасында «Блог» сөзі ағылшынша «Web Log» сөзінің қысқартылған нұсқасы екенін білдім. Мектеп қабырғасынан жер қыртысының – Литосфера, тіршілігі бар бөлікті-Биосфера, Ауа қабатының-Атмосфера т.с.с деген ғылыми атауларын білетін едік. Міне, осы тәрізді ғаламтор желісіндегі барлық блогтар жиынтығын-БЛОГОСФЕРА деп атайды екен.

Қысқаша тарихы мынадай екен:

• 1992 жылы Тим Бендерс-Ли парағын «Washington Profile» газеті ең бірінші блог деп санайды.

• 1996 жылы блогтардың кең таралуы болды.

• 1999 жылының тамызында Сан-Франциско қаласындағы Pyra Labs компьютерлік компаниясы Blogger сайтын ашты. Бұл ең бірінші тегін блогтық жүйе болып саналды. Содан кейін 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы Blogger-ді сатып алды.

• Ақпараттың төгілудің қайнар көзін ашуға талап еткен және компанияның ресми түрде жарияланбаған тауарлары туралы айтқаны үшін 2004 жылы блогерлерді сотқа берген Apple компаниясы екі жылдан соң сот процесінен жеңілді. Тілшілер секілді, ақпараттардың қайнар көзін жария етпеу туралы блогерлердің де құқықтары бар екендігін 2006 жылы сот шешімі қабылданды.

 

Ал бүгінде блогтың мынандай ерекшеліктері бар: біріншіден, блог мерзімді басылымдарға қарағанда үнемі жаңарып тұрады. Ал, электронды почтадан қарағанда, «веб-аудиториясы» көлемдірек келеді.

-Екіншіден, блогта кейбір материалдарға сілтеме көрсетілуі керек.

-Блог жазғанда, авторы яғни, блогер бірінші жақтан жазады.

-Көбінесе әуесқойлар жазба қалдырады.

-Кез-келген жазбаға қатысты пікір білдіруге, авторға тікелей сұрақ қоюға болады.

-жазған блогтары арқылы авторды тануға болады.

 

Ал, бізге блог немесе блогерлер керек па? (Бұл сауалға енді, өзіндік көзқарасымды білдіріп көрейін.)

Блог-бүгінде көп айтылатын, екінің бірі емес, тіпті екінің екеуі де хабардар ҒАЛАМТОР деген жүйріктің дамуының бір ғана үлгісі. Электронды ақпарат алу қарыштап дамып, электронды ақпараттың маңызы артқан тұста, пайдалы блогтар әрине керек. Себебі, ол бәріне қолжетімді. Іздеген тақырыбыңа байланыстыны Уикипедия сынды ірі жүйелерден өзге, шағын блогтардан да таба аласың. Өз басым, мектеп қабырғасында жүргенде, кейде, мектепішілік шараларға қатысты ғұламалардың сөздерін, немесе, шығарма жазарда ойтүрткі боларлық ештене таппағанда, Массагет порталынан көп пайдалы дүниелер табатынмын. Мен де, осы порталдан өз блогымды бастағым-ақ келіп, жүрексініп жүретін едім. Енді мен де, «кішігірім блогер» боп қалдым. Жалпы, айтпағым: Эволюция барысында адам да өмірге бейімделіп, қажеттіні алып, ал пайдасыз істерді ысырып тастауға үйренді. Тіпті, кезінде сол өмірге қажетті болған түк, ұзын қолдар, мықты бұлшықеттер, таптырмас иммунитеттің эволюция барысында керексізге айналып, бүгінде басқа өмірге бейімделгеніміз туралы тарих,биологоия сабақтарынан оқыған едік қой. Ендеше, адам ақыл-ойының жемісі-ғаламтор желісі біздің пайдамызға біз ойлағаннан да көпке жарап келеді.  Ал ондағы ақпараттың бәрі бірдей пайдалы деу де қателік. Ақпарат ағынынан қажеттіні таба білу де-өнер. Ендеше, пайдалы, қызықты блогтар да кәдемізге жарайтыны сөзсіз.