9 қазандағы жоба нағыз қазақ тілін жоюға арналған жоба. Өйткені:
1. Жобада ағылшынның «и» дыбысын белгілейтін әріпті «і» дыбысына берілген. Арамызда «і»-ні «и»-деп, «ң»-ді «н»-деп оқитын адамдар толып жатыр. Кәзірдің өзінде біздің құлағымыз олардың еркелігіне үйреніп кетіп, тіпті байқамаймыз. Ал енді оған миллиардтан астам ағылшынша сөйлейтін адамдарды қоссаңыз «і» дыбысын тірілту оңайға түспес. Сөйтіп,бұл жобаны қабылдасақ біраздан соң «і» дыбысы жоғалып кетеді.
2. «Парламентке ұсынылған жаңа қазақ әліпбиінің латын қаріпі жобасының тағы бір қателігі: https://massaget.kz/blogs/23122/ » атты мақаламда бұл жобадағы «U» символын «Ұ» деп оқытамыз деу қате болатынын, ал керісінше «Ұ» дыбысына «W» таңбасын белгілеу ешқандай қиындық туғызбайтынын айтқанмын. Мақалам кештеу шығып бұл қате өзгеріссіз президентке таныстырылған жобаға өтіп кетіпті.
3. Уатай Ж., Каюпов Т. Проект казахского алфавита, удобного для использования в компьютере. Ана тілі. 1995, № 48 мақаласында апостроф туралы былай деп жазғанбыз: «Қазір латынның кейбір жобаларында ә, ө, ү дыбыстардың таңбаларын a’, o’, u’ түрінде алу ұсынылып жүр. Ахметтің дәйекшесінің орнына ала қойса тамаша болар еді, бірақ бір айта кететін нәрсе ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын.». Демек, бұл таңбаны қабылдасақ қазақ тілі программалауға қиындық туғызатын тілге айналады.
4. Қазіргі қазақ жазуындағы кириллица қолданудың әсерінен пайда болған қателердің 25 пайызы (орыс тілінен өтіп кеткен сөздерді қоспағанда саны шамамен 10 мыңға жуық түбірде бар қате) «и» және «у» таңбаларының қолданылуында. Бұл екі дыбыс та дауыссыз дыбыстар. «и» таңбасы «ій» және «ый» дыбыстарының орнына, ал «у» таңбасы «у», «ыу», «іу», «үу», «ұу» дыбыстар тізбегінің орнына қате қолданылып жүр. Латиницаға өтетін қазақ тілі реформасы кезінде бұл қателіктер түзетілуі тиіс. Бұл жобада, тура қас қылғандай, бұл дыбыстарға берілген таңбаны дауысты дыбыстың жанына қойылған апостроф арқылы жасалыпты.
Ал енді бір түбірді түзетіп көрейік: «киім» = «кій» + «ім». Бұны жаңа жоба бойынша жазсақ «kii’im». Шыққан сөз қазақтың екі бірдей заңына қайшы келеді: 1) Қазақ сөзінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді; 2) Әрбір дауысты дыбысқа бір әріп болса да бір буынға бөлінеді. Бұл заңдылық бойынша «ki» + «i’» + «im». Демек бастапқыда екі буынды түбір үш буынды болып шықты. Қате ме? Әрине, қате!
Ал енді «оқулық» сөзін түзетіп көрейік. «о» + «қы» + «у» + «лық» = «o» + «qy» + «y’» + «lyq». Шыққан сөз қазақтың «екі дауысты дыбыс қатар келмейді»,-деген заңына қайшы келеді. Қате ме? Әрине, қате!
Ал енді «қою» сөзін түзетіп көрейік. «қой» + «ыу» = «qоi’» + «yy’» = «qо» + «i’» + «y» + «y’». Шыққан сөз қазақтың «екі дауысты дыбыс қатар келмейді»,-деген заңын 2 рет бұзып тұр. Сонымен қатар 2 буынды сөз 4 буынды болып шықты. Үлкендер бірдеңе етіп үйрене алар. Ал балалар ше? Біздер оларды миғұла қыламыз ғой. Қалайша «о» дыбысы мен «і» дыбысы қатар келеді. Бұл жерде біздің қасиетті дауыстылардың үндестік заңы (сингармонизм) бұзылып тұр. Бұл жерде «қой» жуан буынды түбір. Оған «ыу» қосымшасы жалғану керек. Жақын тұрған әріп «і» жіңішке дауысты. Оны көріп тұрған балаға «іу» жалғанбайтынын түсіндіру қиын. Қате ме? Әрине, қате!
Қазақ еріншектеу халық. Ноқат қоюды ұмытып кетсең «ң» әрпі «н» болады, «ғ» - «г», «ш» - «с», «ө» - «о», «ә» - «а», «ү» - «ұ», «у» - «ы», ал «и» - «і» болады.
Кириллицаның бір жаман жері онда орыс сөздері орысша жазылып, орысша айтылуы керек деген заңның арқасында бәріміз «ка», «ко», «га», «го», - деген тіркестерді орысша айтуға әбден көселіп алдық. Оның үстіне смартфондар шығар алдында, қазақ әріптері шығып үлгермей жатқанда, бәріміз ағылшын әріптермен бұрмалап қазақша сөйлеуге де төселіп алдық. Оны түсінгеніміз сондай қатесін елемей-ақ түсініп, әлі де мәз болып жатамыз. Сондай «ақылды» адамдарға қазақ емлесіне сәйкес апостроф жазып отыру «өрескел» уақыт жоғалту болып көрінері сөзсіз. Демек, кейінірек «g'o» және «go'» тізбектерінің орнына «go» жазып, ал «g'a» мен «ga’» тізбектерінің орнына «ga» жазып, оларды орысша айтып, бара-бара «ғ», «ә», «ө» дыбыстары жойылып кетуі әбден ықтымал екеніне көз жеткізуге болады.
Қаптаған апострофтан аяқ алып жүре алмайтын боламыз. Олар да компьютердің жадында 64 бит немесе 8 байт орын алады. Жазуымыз ұзарады. Балаларымыздың қай ноқат неге қатысы бар екенін ажырата алмай басы қататын болады. Ноқаттарды тыныс белгісі ретінде қабылдып компьютердің басы қатады.
Офис программалары кейбір ноқаттарды жұп тырнақшаның бірі деп қабылдап, сөз басындағы ноқатты жоғары қаратып, ал соңындағыны төмен қаратып автоматты өзгертіп, екі жағына бос орын қалдыратындықтан, оларды қайта-қайта «қазақша» түзетіп біздің миымыз ашитын болады
Бұл қателер зерттеудің басы ғана. Дерекқордағы түбір сөздерді осы әліпби бойынша өзгертетін программа жазып жатырмын. Жақын арада түбір сөздерде апострофтың кездесу жиілігі, тіл заңдылықтарын бұзу жағдайлары туралы мәлімет беремін. Әлі де бұл мақалаға толығырақ зерттеп қайта оралам-ау деймін.
Бұл жобаны қабылдасақ сөздерді буынға бөлуден бастап қазақ тілін қайта жазып шығуға тура келеді. Кім жазады. Мынадай екі былық жоба жасаған А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ма, әлде Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ма, әлде құрылған, бірақ құрамы әлі жарияланбаған комиссия ма?
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности v.3
https://massaget.kz/blogs/23148/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности v.2
https://massaget.kz/blogs/23147/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности v.1
https://massaget.kz/blogs/23062/ #Latyn
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.3
https://massaget.kz/blogs/23139/ #Latyn
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.2
https://massaget.kz/blogs/23137/ #Latyn
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.1
https://massaget.kz/blogs/23061/ #Latyn
Қазақтың бетпердесіндей болған 7 дыбысына ағылшын тілінде басқаша оқылмайтын жеке таңбалар таптым!
https://vk.com/wall239758952_19
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
https://massaget.kz/blogs/23084/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
https://massaget.kz/blogs/23083/ #Latyn
Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті.
https://massaget.kz/blogs/23074/ #Latyn
Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері
https://massaget.kz/blogs/23070/
Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек
https://massaget.kz/profile/82947
Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.
https://massaget.kz/blogs/23036/
Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым
https://massaget.kz/blogs/23035/
Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!
https://massaget.kz/blogs/23008/
Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/
https://vk.com/doc239758952_450677576
Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
https://massaget.kz/blogs/23000/
Кейбір пікірталастардан үзінді
https://massaget.kz/blogs/22995/
Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
https://massaget.kz/blogs/22992/
Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады
https://massaget.kz/blogs/22993/
Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
https://massaget.kz/blogs/baykau/22962/
Ертегілер
Мақта қыз бен мысық,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22963/
Бір үзім нан,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22964/
Алтын сақа,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22967/
Тазша бала
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/