2017 жылдың 12 қазаны: «Ақырзаман» туралы

Халықаралық NASA мен ғалымдардың дабыл қағуынша осы айдың он екінші жұлдызы күні «ақырзаман» болады деп күтілуде. Әрине заманның ақыры болары анық дүние, бірақ ол туралы дабыл қағу үшін оның үлкен белгілері болуы абзал. Ұсақтарын есептемегенде ең үлкен он белгісі орындалып барып ол туралы ойлауға болады. Бірақ бұл сақтанбау деген сөз емес, қандай жағдай болмасын жерге зақым келсе табиғат апаты болары да белгілі. Бірақ ғалымдардың әлде журналистердің тақырып қою ерекшелігімен бе «ақырзаман» деп топ еткізе салу қаншылықты дұрыс әлде бұрыс нәрсе?

Мая тайпасының күнтізбесі 2012 жылы бітеді, сол кезде ақырзаман деп шу ете түстік. Тіпті кейбір ағайын-туыс жиналып, көшуге дайындалы. Жалғыз сұрақ: ақырзаман бола қалған жағдайда қайда көшуге бет алдыңыз? Ақырзман біздің қара Жерге ғана келеді деп кім айтты. Он сегіз мың ғаламға келетін күшке қарсы тұруға ниеттенудің де қажеті жоқ. Одан бері тағы ақырзаман туралы өсек пен аяң басталды. Бірақ әлі болған жоқ.

Осындай ақпараттардың жалған болып қала беруі адамдардың ішіндегі бір құдіретке деген сенімін жоғалтады. Себебі «болады» деп мың айтылып, болмай қалау беру кімге де болсын мезі қылар ақпарат. Ал қазір ақпарат әлемінде өміріп сүріп жатқан біз үшін, оған құдайындай сену әдетке айналып кеткен.

 Айтпағым, ақырзаманды көктен не жерден келеді деп күтудің қажеті жоқ. Ол болатын күні болады. Оған шүбәда келтірмеңіз. Тек қазіргі ақпарат ағымына байланысты бұл құбылыстарды табиғи апат деп қабылдау керек және осылай тақырып ретінде көрсету керек. Сол кезде адамдарда үрей пайда болады және апаттың қайдан келтенін күтеді, сақтанады. Ал айналып келген кезде бүгін тірі болсаңыз – өміріңіз, ертең ажалыңыз келіп тұрған болса, сіз үшін сол заманның ақыры болып қала бермек.

Ең дұрысы ғажайыпқа сеніп, жоқ жерден мәселе тауып алғанша, өмірді жақсы жағынан сүруге тырыса беріңіз. Амалыңызды жасаңыз. Ақырзаманның келіп-кетуі сіздің құзырыңыздағы мәселе емес.

Бүгін бармыз, ертең жоқ... 



Бөлісу: