Украинаның "Айдаһарлардың әміршісі" мультфильмі қазақ тіліне дубляждалады

Украинаның "Айдаһарлардың әміршісі" мультфильмі қазақ тіліне дубляждалады
жеке
блог

Украинаның "Айдаһарлардың әміршісі" ("Повелитель драконов") анимациялық фильмі қазақ тіліне дубляждалады.

2016 жылдың соңынды шыққан мультфильм осыған дейін Украина, Польша, Түркия көрермендерінің назарына ұсынылған. Жоба жалпы 40 шақты елдің нарығына шығуды көздейді. Солардың ішінде Вьетнам, Эстония, Латвия, Литва, Мажарстан, Ресей және Қазақстан секілді мемлекеттер бар. 

Қазақша дыбыстауға еліміздің театр, кино жұлдыздары мен медиа тұлғалар тартылмақ. Басты кейіпкер "Голос казахстана" жобасының жеңімпазы Дінмұхамед Дәулетовтың дауысымен сөйлейді. Сондай-ақ, Чингиз Капин, Ару Ауэзова мен Ева Бехердің даусын еститін боламыз. 

Фильмге бірнеше саундтрек те жазылуда, қазақ тіліндегі нұсқасын Дінмұхамед Дәулетов пен Ева Бехер орындайды.

Мультфильмді қазақша локализациялау жұмыстарының барлығы "Kinotechnologie" дистрибутор-компаниясының күшімен жасалуда. "Айдаһарлардың әміршісі" Қазақстан прокатына қазақ және орыс тілдерінде 9 наурызда шығады.

Бұл жоба Украинада "Микита Кожум'яка", халықаралық нарықта "The Dragon Spell" деген атаумен белгілі.