Пазманский дяьвол-американдық фильм

   "Пазманский дьявол"-бұл біздің тақырыбына қызығып таңдаған киномыз.Сөздің шыны керек,киноға (соның ішінде сериалға) қызықпайтын жандардың қатарынанмын.Кино американдық боксшы Винни Пациенцаның спорт жолындағы жеңістері мен қиындықтары туралы мәлімет береді.Оның боксқа деген маxаббаты тіпті жол апатынан алған айықпас дертіне де шипа болды.Өз кезегінде ол табысты спортшы болған.Бірақ,тағдыр оны осы жолда қатты сынады.Оның көрген азабын сөзбен жеткізу мүмкін емес.Дәрігердің "боксты тастау керек" деген сөзі оның өмірін қараңғы түнекке айналдырды.Бірақ,ол өзінің діттеген мақсатынан бас тарта алмады.Тіпті, басына 4 жерден бекітілген темір де кедергі бола алмады.Арманына жету үшін-амал жасады,және сол амалға себепкер-атақты Майк Тайсонның жаттықтырушысы (киноның әсерлілігі соншалық,жаттықтырушысының аты есімде жоқ) болатын.Винни үшін жол апатынан кейінгі 6 ай тозақта өмір сүргенмен тең болды.Тіпті Винниге көп қимыл жасауға да болмайды,24 сағаттың белгіленген бір межесінде ғана қимыл үстінде болуы қажет.Яғни,басына көп ауырлық (нагрузка) түсіруге болмайды.Бірақ,Винни оған қарамастан,жасырын түрде жаттығып жүрді.Өзі жаттығып жүргенде көп қиыншылық көреді.Өзінен ештеңе шықпайтынын білген Винни жаттықтырушысына ұсыныс жасап көреді.Жаттықтырушысы естігенде шок болады.Сенің есің дұрыс па,айнаға қарадың ба?,-дейді.Виннидің қайтпас қайсар мінезін білетін жаттықтырушысы ойланып көріп,келісім береді.Үйіндегілердің барлығы ұйықтап қалғанда,жаттықтырушысы екеуі жертөледе (подвал) жасырын түрде жаттығып жүреді.Бір күні Виннидің әкесі жұмыстан кеш қайтады.Үйге кірсе бір дауыстар шығады.Дауысқа еріп жертөлеге келеді.Виннидің жаттығып жатқанына куә болады.Әкесі Винни мен жаттықтырушысына қатты ренжиді.Сонда мен өз үйімде не болып жатқанын білмеймін,-деп.6 айдан кейін басындағы темірді алатын күн келді.Басындағы темірді алғанда,сенесіз бе,тіпті тыныштандыратын дәрі де салғызбады?!Табанды еңбектің арқасында, 2ші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленді.Винни әр шаршы алаңға (ринг) шыққан сайын залдағы көрермендер жандарын шүберекке түйіп отырды.Негізі кино,соңғы уақытта бәріне олпы-солпы қарап жүрген мені қаатты жігерлендірді.Өмір тосын жәйттарға толы...



Бөлісу: