МЕНІҢ ҚАЙТАЛАНБАСЫМ

                   МЕНІҢ ҚАЙТАЛАНБАСЫМ

 Алматы талайлардың қуанышын, талайлардың өксігіне куә болып, талай жанның тағдырын тоғыстырған, ескі естеліктерге толы мекен. Алматы.Өнер академиясына оқуға жаңа түсіп студент атанған кезім. Біле білген адамға студент атанудың өзі шексіз бақыт. Бірақ ата –анамнан жырақтадым, осы арқылы сағыныштың не екеніне көзім жетті. Мейірімнің, ана-анамның мейірімінің мен үшін баға жетпес байлық екенін түсіндім. Бала шақтан болашаққа кәдімгідей есейгенімді сезіндім. Анам маған әр ай сайын сәлемдеме жіберетін еді. Тіпті өзінің қолынан пісірген нанына дейін. Осылайша әне-міне дегенше көптен күткен кезекті демалысымызда басталды. Сағынысып,алап ұшып ата-анамның қастарында болғым келіп, бірден үйге жеттім. Әдеттегідей екеуі мені есік алдында күтіп тұр екен. Мейлі мен қаншалықты есейсемде анам мені маңдайымнан сүйіп, әкем құшағына қысқанда қорғансыз кішкентай бала сияқты сезінетін едім.      
      « Ата-анаға көз қуаныш – 
Алдына алған еркесі.»-деп хәһім Абай бекер айтпаса керек-ті.
Олар үшін менің қастарында болғанымның өзі үлкен қуаныш болатын. Иә,олардың көз қуанышы да, олардың еркесіде мен. Сірә сәби бақыты деген осы шығар?! 
Осылайша олардың жандарында көп күндер өтіп, аз күндерім қалған еді. Қысқы демалысымда бітуге таяу қалды. Бірде күнделікті үй шаруасымен айналысып жүріп анамның киім-кешектері тұратын шифоньерден өзімнің ақ тоқыма жемпірімнің ұзын екі жеңінің кесілгенін көрдім. Менің жемпірімнің екі жеңінен анам өзіне шұлық тіккен екен. Маған осы бір сәт аянышты көрінді. 
Оны анама көрсетіп: «-Неге бұлай істедің?»- дегенімде, ол жәй ғана күлімсіреп: 
«-Егер өзіме кез-келген нәрсені сатып ала берсем, саған ақша жоқ қой»- деді. Сонда ғана алдыңғы айдағы маған келген сәлемдемесінде бір целлофан қыста киетін шұлықтар есіме түсті. Өз аузынан жырып бар нәрсені маған ұсынған екен-ау....
 Тіпті дастарханда кішкене алма тұрса өз аузына алмай маған ұсынатын. Мен асарымды асадым ғой деп қалжыңдап күліп, қарным тоқ, жеп келдім деп неше түрлі сылтауларын айтатын. Сылтау деймін-ау, бұл менің анамның жүрегінің кеңдігі, мейірімнінің шексізігі, маған деген сезімінің мөлдірлігі. 
Ал,мен оның қадірін біліп жүрмін бе? Көзіме еріксіз жас келді.
Серттескен махаббатта күндердің күнінде сертінен таяды, ұмытылмас болған кездерде есімізде еміс-еміс естелік қана болып қалады. Ия.Өмірде барлық нәрсенің орнын толтыруға болады екен.Тек анамның орнын ешкім ешқашан толтыра алмасы анық. Себебі ол менің өмірімдегі қайталанбас,ешкім қайталай алмас жалғыз жан. Менің қайталанбасым. 

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/add/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
 

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/add/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз


Бөлісу: