Келе сала Алматымызды көркейтті, Ей бауырым жамандама біздің әкім Байбекті

"Қазір қаламыздың экологиясы өте нашарлап кеткен. Бұған мен де сіздер секілді алаңдаймын. Менің қалам - бұл. Мен үшін экологиямыздың таза болуы маңызды. Сондықтан бәріміз енді велосипедке ауысуымыз керек. Алматы Астана сияқты суық, аязды қала емес. Барлығымыз жұмысқа велосипедпен қатынайтын болсақ, денсаулыққа да, экологияға да пайдалы болады. Сондықтан мен өзімнен бастаймын. Қалалық әкімшілікке тапсырмалар берілді. Осыдан бастап біздің әкімшілік қызметкерлері велосипедке аусатын болады", - деді Бауыржан Байбек әкім мырза. Осы игi саясатты менде қолдап, шаң басқан бөлмеден, Ринат Зайтовпен құрдас велосипедiмдi алып шықтым.
Жақын арада Алматы қаласының əкімшілігіне жұмысқа тұрмақшымын, соған орай велосипедімді жөндеп, əкімшіліктің алдына дейін барып, велосипедімді кесе көлденең қойып қоймақшымын. Əкімнің көзіне түссем, лауазыммымды көтеріп, жалақымды жоғарлататыны, атымды айқайлап айтып мақтайтыны сөзсіз. Қызметім өскен мезетте, Алтын ордаға барып ауылға қатынайтын автобусқа велосипедімдi артып жіберемін. Інішектер кешкісін өрістен келген қойды іздегенге велосипед керек дегендей қылды. Ауылдың қырлы-сайлы тікенекке толы жерлердің арасынан аттап өтетін велосипедтін аяғы бар секілді. Бір сәтте қос дөңгелектерін, қос қолдарына ұстап қалатыны мен жұмысы жоқ. Солардың сөзіне менде сенгендей болдым. Велосипедімді атама бермекшімін, "насыбай" əкеліп бер, үйт-бүйт деп немерелеріне жалтақтамасын деген оймен, онымен қоса кешкісін көрші ауылдың пенсияға шыққан бойдақ қыздарға барып тұрса, атамныңда көңілi жайланып. Алып қашуға әрекет жасаумыз мүмкін, бой жеткен ұзатылып шығамын деп сызылып отырмаса. Не болсада, арты жақсы болсын! Әй бірақ атам ауылдың қыздарын менсіне қоймайды ау. Қаладағы Уляға баруға пенсиясын жинап жатқан көрінеді. Пенсиясын жинап жатыр деген, демек Уля үшін атам неге болсада дайын болғаны ғой. Неде болса, ауылдын жұлқынып, қаны басына шауып жүрген жігіттеріне қарағанда атам мығым сияқты. Тойда жолықанша жұртшылық. Атамнын жолын берсiн!

Атам жайында мәліметтер: тұрақты 29000 пенсиясы,үй жұмысына пысықтау, әлеуметтік желісін жетік меңгерген. Вконтактесінде: 1-сыныптасы, 3-баласы, 46-немересі, 16-шөбересі, 4-қыдырғыш қыздар, 6-көрші ауылдын қыздары бар.



Бөлісу: