Жүз жылдық жалғыздық

Жүз жылдық жалғыздық
жеке
блог

  Габриэль Гарсиа Маркес 20-ғасырдың ұлы жазушысы, Нобель премиясының лауреаты, бүкіл әлемге танылған бірнеше романдардың авторы. Ал "Жүз жылдық жалғыздық" 20- ғасырда жазылған ең ұлы туындылардың бірегейі деп танылған. Романда Макондо қаласының тарихы бейнеленеді. Буэндиа отбасының өмірін жазушы қызығы мен шыжығын қатарластыра отырып бір отбасыдан револиционер де, авантюристер де сонымен қатар сатқындар мен бойына ізгілік пен еңбекқорлықты жинаған мінсіз тұлғалар шығатынын шеберлікпен жазған.

  Шығарма Макондо қаласына сығандардың келіп тұрғындарға магнитты көрсетуінен басталады. 

Романдағы басты кейіпкер болмаса да бастамасында Макондолықтарға біраз жаңалықты ашқан  Мелькиадес магнитті Македонияның алхимиктері ойлап тапқан әлемнің сегізінші кереметі деп таныстырады.  Ал бұны естіген Хосе Аркадио Буэндиа магнит арқылы жерден алтын табамын дегенде, Мелькиадес сыған болса да өзінің шыншыл адам екенін көрсетіп магнит алтын іздеу үшін жарамайды деп тіл қатады. Алайда Хосе Аркадио Буэндиа осы уақытқа дейін сығандардың сөзіне сенбегесін, дереу магнитті бірнеше қозыға айырбастайды. Романнан түйінер ой көп. Әрқайсысын жете түсінемін деп отырып басты ойды аңғармай қалуыңыз да ғажап емес.

   Міне дәл осы оқиғалардан бастау алған роман әрі қарай қыза түседі. Егер содан кейін не болғанын білгілеріңіз келсе романды оқып шығыңыз. Еш өкінбейсіз! Себебі бұл роман әрбір тұлға оқуы тиіс кітаптардың бірі. Менің ойымша романды бір-ақ рет оқыған жеткіліксіз. Қайталап оқу арқылы кітаптың жаңа бір қырларын түсінесіз.