Мәліметті қалай еске сақтау керек? 2-шығарылым

Мәліметті қалай еске сақтау керек? 2-шығарылым
жеке
блог

Мидың еске сақтау қабілетін дұрыс қолдануға және дамытуға бағытталған «Мәліметті қалай еске сақтау керек?» деген айдардың алғашқы мақаласында қабылданатын ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау үшін сол ақпаратты мидағы 3 сатыдан өткізу керек екені қарастырылды(бірінші мақаланы осы сілтеме арқылы оқи аласыз). Ал бүгінгі шығарылымда «Қайта сұрату және іздеу» атты 3-сатыда көмегі тиер онлайн және оффлайн программалармен бөліскім келеді.

Әуелі, Kahoot сайтын айтып кетсем деймін. Бұл программа көбінесе ұстаздарға сабақты интеррактивті түрде қызықты өткізуге көмектеседі деген ойдамын. Алғаш рет Kahoot-пен КТЛ студенттерімен КАЗГЮУ Университетінде өткізілген ашық сабақта таныстым. Оның жұмыс істеу принципі жылдамдыққа байланысты. Яғни, балалар өз ұялы телефондарынан сіз алдын ала жасап қойған тестке тіркеледі. Содан кейін тест басталған кезде әрбір сұраққа дұрыс жауап берген алғашқы 5 студенттің аттары шығып отырады. Сонымен қатар, жауаптардың әрбір нұсқасына неше студент жауап бергені көрініп тұрады. Солай сіздер статистиканы көре аласыздар. Ал ол тестті құрастыру үшін:

 

  1. -         Kahoot сайтына тіркелу керексіз;
  2. -         тестті жасау керексіз. Оны жасаған кезде сұрақты жауап беруге берілетін уақытты өзіңіз белгілей аласыз;
  3. -         сабақ не дәріс берер кезде интеррактивті тақта арқылы сол сайттан өзіңіздің аккаунтыңызға кіріп тестті қосу керексіз және тест басталар кезде тесттің өзінің жеке номері болады. Сол номердің көмегімен студенттер тестке тіркеле алады;
  4. -         барлық студенттер тіркелгеннен кейін сайысты бастап, алғыр 5 студентті ойын статистикасымен байқауға болады.

 

Осы онлайн программаның 2 кемшілігі бар. Біріншіден, сізге Wi-Fi, интеррактивті тақта жіне де барлы балаларда ұялы телефон болғаны керек. Екіншісі, сіз әрбір студенттің қай сұраққа қате не дұрыс жауап бергенің көре алмайсыз. Бірақ, қате жібере отырып және бағаға ұмтылмай ғана студенттерде ақпарат ұзаққа сақталады. Ал басты артықшылықтары әдемі интерфейсінде және оның ойын түрінде өткізілуінде.

Ал келесі Quizlet атты ұялы телефонға арналған оффлайн программаны студенттерге ұсынам. Осы программамен жаңа сөздерді, терминдерді жаттаған өте қолайлы. Ең бастысы бұл программа флеш-карточка әдісіне негізделген. Сонымен, оны тегін Play Маркеттен жүктеп алуға болады. Содан кейін тіркеліп, жұмысты бастай беруге болады. Тағы бір айтып кететін жәйт, сіз басқа адамдардың құрастырған карточкаларымен жұмыс істей аласыз және өзіңіз де бөлісе аласыз. Ал егер ағылшынша немесе басқа тілде жаңа сөздерді жаттағыңыз келсе, тура сол программаға компьютеріңізден кіріп, карточкаларды суреттермен істей аласыз және оларды телефоныңызда оффлайн режимде қолдана аласыз.

Құрметті оқырмандар, келесі мақалада кодтау сатысында қолданылатын әдістерге көңіл бөлінеді. Жіберіп алмаңыздар! Апталарыңыз сәтті және тиімді өтсін!