ӨМІРІҢІЗДІ ЖАРҚЫН ЕТІҢІЗ!

ӨМІРІҢІЗДІ ЖАРҚЫН ЕТІҢІЗ!
жеке
блог

 

Жеңген адам мін-мінезін өзінің,

Танытады өз қайратын,өз үнін.

                                                       Ж.Молдағалиев

Әр адамның тағдыры әр түрлі.Бірінің өмірі көптеген қиындықтарға толы болса,енді біреулерінікі бақыт пен жарқын сәттерге толы болатыны белгілі.Бірақ әр радам  өз өмірін өзгертуге,яғни мүлдем басқа арнаға ауыстыруына құқылы.Кейбірі өз өмірлерінің өзгергенін қаламаса,кейбірі өзі өмір сүріп жатқан ортасын,ішкі жан-дүниесін,өмір сүру салтын өзгерткісі келеді.Бірақ барлығы алғашқыда қиын көрініп,қолды бір сермеп,ескі өзен ағысымен жүзе беруді жөн көреді.Мұндай жандар болашақта өз өміріне өкпелеп,қиындықтарға қасқая тұра алмайтын халге жетуі әбден мүмкін.Өзі қалағандай өмір кешпегесін,кез-келген адам құштарлық пен алға қарай ұмтылу,армандау қабілеттерінен айрылмасына кім кепіл?!Ал егер де мұндай жағдайға тап бола қалса олардың өмірлері тіпті құлдырауы мүмкін.Сондықтан сіз де сондай жағдайға тап болғыңыз келмесе дәл осы сәттен бастап  өміріңіз үшін шешім қабылдауыңыз керек.

Өміріңізді жарқын сәттерге толтырғыңыз келсе ең алдымен жан-дүниеңізге үңіле қараңыз.Үңіле отырып,өзгертілуі тиіс көптеген нәрселерді нысанаңызға алыңыз.Сонымен қатар ішкі әлеміңізді ең қымбат деп бағаланатын құндылықтармен,адамгершілік қасиеттермен толтырыңыз.Оларды тізбектеп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын.Адамгершілік қасиеттердің қатарын көптеген адамдардың білетіні сөзсіз.Ішкі дүниеңізді ретке келтірген соң,өміріңізде жарқын сәттердің көп бола бастауына көзіңіз жетеді.Сол кезде сіз ішкі әлемнің құдіреттілігін көзбен де жүрекпен де сезіне аласыз.

Жан-дүниеңізді жақсы жаққа баулыған соң,армандау мен мақсат қоя білуді үйреніңіз.Бұл сізге үлкен құштарлық пен сенім,күш-жігер беретіні сөзсіз.Арманыңызға ойша ғана жетіп қоймай,өмірде орындалуы үшін күш салыңыз.Және де айналаңызды қуанышқа бөлеп,әрқашан жайдары көңіл-күйде болыңыз.Сонымен қатар жаңа өнерді меңгеруге тырысыңыз,бұл сізге өзіңізді бағалау үшін аса қажет болады.

Өзіңіздің жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз,сөзсіз сізді жетістікке жетелейді.Шабыт сыйлап өмірді әр қырынан тануыңызға сеп болады.Және де «ешқашан» өміріңізге өкпелеуші болмаңыз.Әр таң сайын өміріңізге шүкіршілік етіп,қуаныңыз.Қанағатты жаныңызға серік етіңіз,кішігірім жетістік үшін өзіңізді көңілдендіріңіз.Сонда ғана сіз жарқын өмірге қол жеткізесіз.Өміріңіз жарқын сәттерге толы болса,сіздің асар асуыңыз,шығар биігіңіз көп болмақ!Өмірілеріңізді жарқын сәттермен толтырыңыз!Бәрі де өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз!

Ал сіз өміріңізді өзгерту үшін қандай қадамдарға бардыңыз?Немесе,өміріңізді өзгерткіңіз келе ме?