2-ші әйел алуға қалай қарасыз?
блог
Өткен жексенбі күні 03.06.2012 ж. Еларнадан «Мүмкін емес» бағдарламасы болып жатты.
Танымалдар ишинен Амантай қажы бар, басқа да сарапшылар отыр есімдері есімде жоқ, сонда бір 2-ші әйел алайын деп жүрген ер азамат келді, тағы бір 2-ші әйел алуға қарсы ағамыз келді, басқа тағы екі апай, «Сұлтан қорған» мешітінің имамы отырды. Қызықтап қарап отырсам осы заманда да тоқал болып жүрген келіншектер бар екен, 2-ші әйел. Бір академик ағамызды көрсетті 2-ші әйелімен тұрып жатқан, атамызды көрсетті, 1-ші әйелдерімен араласып тұрады бәрі бір отбасы. Сонда жаңағы сарапшылар айтып жатқаны осы дұрыс па, жоқ әлде бұрыс па? Шариғатта рұқсат беріледі екен егер 4 не бірдей қарай алса :), сарапшылар айтып жатыр тығылып барғанша алсын, одан да заңды түрде болсын деп. Отырып қалған қыздардың саны азаяды дейді тағы бірі. Бірі айтады болмайды қалай сен өз әйелін бола тұрып тағы 2-шісі болады, тоқал деген өзі көңілдес деген деп. Жалпы ұққаным осыған келе жатырмыз ба, деп ойлап қалдым???
Сіздер қалай ойлайсыздар, ерлер 2-ші семья құруға көбінше қарсы емес шығар?
Ал қыз-келіншектер сіздер қалай ойлайсыздар, біреуге 2-ші әйел бола аласыздар ма, немесе күйеуіңізге 2-ші әйел алғанға рұқсат берер ме едіңіз?