2 қыркүйек

‪#‎2қыркүйек.‬ Интернетке уақтылы қол жетпесе сол, айтулы даталарда жазатын посттарды кештетіп жазасың. Мектеп табалдырығын аттағанымызға бақандай 20 жыл болып қапты. Мен осы өмірбаян (автобиография) толтыратын кезде мектеп ауыстырған жолдарымды толтыруға қиналамын. Ауылдағы мектебіміз 4 жылдық еді. 5 сыныптан бастап көрші ауылған қатынап оқыдық. 2 км жол. бес алты кітап салынған сөмкені екі ортада тасып жүру, өзінше қызық еді. Сыныпта староста болған соң, оқуда хәм басқасынан лидер болуың керек. Басқасын қайдам бірақ, оқудан оза шабушы едім. Оң жамбасыма ыңғайлы келетін пән тарих болатын. Жаңа мектепте енді танылып, өз ағысымызды тауып келе жатқан ауылдағы мектебімізді ауыл ақсақалдары аудан әкіміне хат жазып жүріп 9 жылдық қылып аштырып алды. Содан 7 ші сыныпта қайтадан өзіміздің қоржын мектебімізде жалғастырдық. 5-6 сыныпқа шейін әдеммі болып жүрген біздің сыныптың қыздары, өзге ауылдың қыздарының қасында конкурентке ие бола алмай модадан қалып қойған болатын. Бәрінен бұрын үлкен мектептің білім деңгейін айтсаңшы. 4 сыныпты кілең бестіктермен бітірген басым, 6 шы сыныпты биологиядан 2 алып, намыстан жарылып кете жаздағам. Әй, бірақ көктемге шейін ол апайды мойындатеееп кеттік қой. Содан не керек 7 сыныпты зорға аяқтап, "қой, бұлай тобырдың арасында жүре берсем білімім төмендеп кетеді" деп, 8 сыныпта ойланбастан көрші ауылдағы мектепте тайып тұрдым. 7 жыл бірге оқыған балдар сол кезде бізді сатып кеттің деп, біраз араласпай бәле болған. Қазір сол балдар жүр ғой ауылда, кетпен арқалап, трактор айдап, қауын егіп, мал бағып дегендей. Мен қаладан келгенімде бір бастары қосылып қалады. (обалы не керек, кластас балдарым өліп күтіп алады ауылға барсам) Содан 8 сыныпта таңдаулылар оқитын "А" класына бардым. Класс жетекшісі Гүлнәр деген апай еді. Көзі шоқтай. Бәріміз сол бір көзіне қарап сыртынан "Шайтан" деуші едік. Не керек, мен ғашық болған қыз 7 ші сыныпта басқа қалаға көшіп кетіпті. Жаңа класқа барған соң белгілі, сырттай танығанмен, бөтен қораға кіргендей болып, басында бөтенсіп жүрдім. Оларда әп дегенде мұрындарын шүйіре қарады. Қайдан қыркүйектің ортасы болмай жатып ақ тарихтан ағайдың көзіне түсіп, білім жағынан дәлеледеееп шықтым. Солай мойындаттық қой)))))) жаңа кластастарды. Сол сыныптас достарымнан Ainur , Karligash есімді достарымды әлі күнге шейін құрмет тұтамын. Нағыз өмірлік, сенімді достарыма айналған еді. Екіншісі, тіпті қазіргі таңда жақын жеңгелерімнің бірі . Сонда деймін да, адам баласы қандай жолмен жүретіндігін мектеп жасынан таңдайды екен ау. Қандай жағдайға қарамасын, өз болашағын ойлаған бала мектептен қам жасай бастайды екен. Қазір екі ауылдағы да сыныптастарыммен арласып тұрамын. Класстастың орны бөлек қой қанша дегенмен. пысы: ‪#‎1қыркүйек‬



Бөлісу: