Мамандық - жетістік мерейі

 

   Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне "Мен кіммін?", "Осы өмірдегі менің орным қандай?", "Қалай өмір сүремін?" деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

   Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жеңіске жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс - табыс биігіне жеткізетін қанат.



Бөлісу: