Досыңнан жауың жақсы

Досыңнан жауың жақсы
жеке
блог

      Кейде «пендеміз ғой» деп жатамыз. Осы сөз шарасыз күйге түскенде, қауқарымыз таусылғанда, жеңілісімізді мойындағанда, бүкіл жасаған  қателіктерімізден ақталудың жолы болып көрінеді.

     Пенделердің арасынан, досыңнан жауың жақсырақ. Шәкәрім айтқан екен: «Адамды жақын таныған сайын итімді жақсы көре түсемін». Жауың өзінің әрқашан шынайы келбетін, саған деген бар ниетін көрсетеді. Мейлі ол жаман болсын, бірақ шынайы. Ал кейде сен арқа сүйеп жүрген досың, теріс айналғанда, күрт өзгеріп, жасырып келген ниетін көрсетіп келгенде, амал достығының шекарасы біткенде, сол баяғы «шынайы» жауларыңның қадірін түсінесің.9877

      Жауың саған әрқашан жамандық тілейді. Мейлі бұл қорқынышты болсын. Бірақ жақсылық тілейді деп жүрген досың "мысық тілеулес" жанға айналғанда... Қорқамын деп айту қате болар. Өкінемін деп те айту қате болар. Ол сондай айтып жеткізгісіз сезім. Бар өмірің күйрегендей болады.  

      Өмірде өзіңе берілген, жүрегіңнің таңдап алған образында қалу,өзіңді шынай ұстау, айналаңа еш бетпердесіз сол күйінде көріну  өте қиын. Ол үшін біреуге жау болудың қажеті шамалы. Бірақ қиын. Өзгелерге сену, артынша қателескеніңді түсіну... Сондай қиын... Ауыр...    

      Түбінде сол бұрынғы Абайға ораламыз. Заманында қадірі болмаған Абайға.

 Сенбе жұртқа тұрса да сені мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен қайратың екі жақтап.9887844544

      Уақыт өткен сайын, саған тек жақсылық ойлайтын, сен дегенде ниеті өзгермейтін тек ата-анаң екенін түсінесің. Сабырлығымен асқақтай түсетін, уақыт өткен сайын, биіктеген сайын шыңы ағара түсетін әкең, әрқашан сені көздері күлімдей қарсы алатын,жанында өзіңді сәбидей сезінетін аяулы анаң.