Илкка Тайпале

       Көрнекті фин саясаткері, Финляндия Парламентінің екі шақырылымының депутаты Илкка Тайпаленің кітабында тегін білім алу, қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, студенттік жәрдемақылар, салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы және парламенттік демокрация сияқты фин елінің әлеуметтік инновациялары қамтылған. Инновация түсінігі кең ауқымды. Әл-ауқаттылық тек техникалық дамуды ғана емес, әлеуметтік инновациялардың да болуын көздейді. Кітапта саны жағынан көп әлеуметтік инновациялардың алуан түрлері қамтылады, бұл оның оқылуын тартымды әрі қызықты ете түседі.



Бөлісу: