Кіндік тамған жерім...

Кіндік тамған жерім...
жеке
блог

Жалпы, әр азамат өзінің туған өлкесін, туған жерін құрметтеу керек. Өз басым, Астана қаласының тумасымын. Ес білгелі, елордамның күннен күнге көркеюіне куә болдым. Тіпті, әлі күнге дейін таңқалудамын. Көптеген шет елдің азаматтары, біздің қаламызды көруді армандайды екен. Әрине, биік-биік ғимараттар, зәулім үйлер, оған қоса адамдардың бір-бірімен сыйластығы. Егер де, қала тұрғындары бір-бірімен сыйлас болса, бір-бріне қол ұшын беруге даяр болса, неге еліміз бақытты болмасқа? Неге үлгі болмасқа? Астананы тамсандырып қоятын нәрсе де сол. Осы сұлу да, көрікті елордамыз туралы ойлайтын жандар көп-ақ. Дегенмен, солардың кейбіріне тоқталсақ. 1967жылы Алматы обл.,Шелек ауданында, Масақ  ауылында дүниеге келген журналист. Қазақстан журналистер одағының мүшесі(1995ж) Нұрлан Қалқа: " Астана-ғасыр қаласы. Астанаға біздің қазақтың бүкіл даласынан ағылып келген өнер адамдары, мәдениет адамдары, әдебиетіміздің ақсақалдары, әдебиетіміздің жас толқын өкілдері, азамат өкілдері барлығы осы жерде  қазіргі уақытта бас қосып, үлкен бір мәдени қалаға айналды. Елбасымыздың жарлығымен Астанаға келіп, қаңтар айынан бастап жұмыс жасадым. Сонда Елбасымыздың айтқан мындай сөзі бар еді: "Ертең қазақтың бүкіл қаймағы, бүкіл талантты ұл-қыздары  осында жиналатын болады. Сондықтан Астана қазіргі уақытта әлем таныған, дамыған елдер мойындаған, ордалы, біздің Елордаға айланып отыр",- деп айтқан екен. Астананың тарихында, оны әлемге танытуда, дамытуда, әрине Елбасымыздың еңбегі деп ойлаймыз",- деп  Нұрлан Қалқа өз ойын білдірген еді.

Иә, шынымен де елордамыз қазіргі уақытта дамыған, көркейген, сұлу қалалардың қатарына кіреді. Мәдениетімен қатар, климаты жағынан да өте ерекше. Әрбір адамзат өзінің туып-өскен жерін мақтан тұту керек. Неге? Себебі, ол біздік кіндік тамған жеріміз, біздің болашағымыз. Оған қоса, болашақтың ертеңі, жастардың, яғни, біздің қолда. Демек, сол болашаққа бірге ат салысып, бірге жұмылсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.