Аз уақытта пайда болған махаббат...

Мектептегі соңғы жылымыз, яғни, 11- сыныпта оқып жүрген кезім еді...

Білімімді толықтыру мақсатында, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туып-өскен жері Қарасазға жол тарттым. Көпшілік ортада бұрын соңды тұрып көрмегенмін,бірақ, сол мектептің интернатында(жатақханасында) болып оқуды жөн көрдім. Ата-анам да бұл ойымды құптағандай болды. Сөйтіп, бір-ақ күнде бейтаныс адамдардың қатарына қосыла кеттім. 

Өзім Кеген ауылында тұратынмын, аудан орталығы болғаннан кейін ба?, әйтеуір,бұндай табиғаты көркем жерге келгенде қуанышым қойныма сыймады. Бірақ, интернатта жататын адамдар дөрекі болады, бір-бірін сыйламайды деген сөздерді естігенде біраз ойланып қалған болатынмын)))

Қызықтың көкесі енді басталды, Қарасаздағы бірінші күнім. Бәрі маған таңырқай қарайды... Сабақтан кейін интернатқа келдік. Бірде менімен танысқан балалардың бәрі маған тисе бастағанын сездім. Бірақ, өзімнің тік мінезімді пайдалана отырып, өзімді еш төмендетпеуге бел байладым. Сөйтсем маған тиіскен себептері, жаңа келген балаларды сынайды екен-ау. Өте қатты күліп алдым да, ішімнен: интернатты жамандаған адамдар осындай тисулерге шыдай алмай кеткендер екен-ау деп ойладым. Одан кейін барлық балалармен өте жақсы қарым-қатынаста болдым. Өзімнен тек бір жас кішкентай балалар бізге, "тәте","аға" деп сөйлегенде тіпті таң қалдым. Тәртіп өте мықты және адамдары ақкөңіл, мейірімді. Менің көпшілік ортада болып көрмегненімді білетін ата-анам қайта-қайта хабарласып, уайымдай берді. Ол жақта интернетке кіру мүмкін емес, хабарласудың өзі бір мұң еді.

Таң атқаннан бастап интернеттен бас алмайтын жастармыз  ғой, бірақ өмірдің таза қызықты сәттерінің байқалмай өтіп жатқанын сезбеген де екенбіз.

Сөйтіп, өмірімнің ең қызықты сәттері  өтіп жатты. Аздаған уақыттан соң қайтатын уақытым да келді. Көзіме жас толып заттарымды жиып жүрдім. Қарасазда өткен керемет күндерімде жаныма серік болған адамдар өте көп болды.Соның ішінде, Жанат есімді сері жігіт,досым сол күндерді қызықты өткізуге көп үлес қосқан еді. Көліктің жанына келдім, заттырым жинаулы, көзім жылай-жылай ісіп кеткен. Жаныма барлық интернаттағы балалар шықты көңіл-күйлері түсіп кеткен, қыз балалардың көздеріннен жас сырғып түсуде. 

Солай қайта өз ауылыма кеттім. Өткінші сезім деп ойладым, Қарасаздықтарға деген сезімім ұмытылар деп өте қатты қателесіппін. Ол жақта пайда болған сезімдерім әрқашан жүрегімде. Сол күннен бастап, "Махаббатым жүрегімде" деген керемет сөз менің ұстанымым болып қалыптасты және әрқашан да МАХАББАТЫМ ЖҮРГЕІМДЕ  болып қала беретініне мен сенемін.



Бөлісу: