Аманхан Әлімұлымен өткен жарты сағаттық сұхбат

2016-ның 24-қазанында ''Замансөз'' пәнінен ''Ақиқат''журналының бас деректоры,сыншыл ақын-Аманхан Әлімұлы ағай келген болатын.Ең алдымен,сабақтың барысында Сағатбек Медеубекұлының жылы шұраймен амандасуымен басталып,ағайды таныстырумен әңгіме өрбіді.Әрі қарай сөзді Аманхан Әлімұлы алып,бізге өзінің басынан өткен түрлі оқиғаларымен бөлісті.Менің байқағаным,Аманхан Әлімұлы-ақиқатты бүкпесіз айта білетін,жақсылықты жар қылып жариялай алатын,қазақ үшін туған, елден ерек азамат екенін ұғындым.

Ол кісінің әрбір сөйлеген сөзі,іс-қимылы бізге ерекше әсер етті.Сөзінде;"Журналистиканың қыр-сырын, таңдаған мамандығымыздың оңай соқпайтын және осы салаға ең алғаш барғанда-алдымыздан қилы қиындық шығатындығын,оған оңай көнбеу керек екен" тілге тиек етіп,бізге жете түсіндірді.Сабақ барысында біздің болашақ журналистеріміз де көкейлеріндегі сан түрлі сауалдарын қойып,нақты жауаптарын алды.

Солай жарты сағатымыз-бір минуттай өте шықты.Ағайдың сөзіне еліп кеткенім соншалық,зымырай өткен уақытқа налып,қимай-қимай "Сау болыңыз!" деумен,келесі сабаққа тарасып кеттік.




Бөлісу: