Алматыда "Real Madrid Foundation" әлеуметтік мектебі ашылады

Наурыздың 22-26 жұлдызы мен 29 наурыз бен 2 сәуір аралығында Алматыда Real Madrid курсы басталады. "ДОМ" қайырымдылық қоры мен "Sport Concept" ҚҚ арнап ұйымдастырушылар 10 орын тағайындап отыр. Бұл деген сөз, 10 бала бұл курсқа тегін жолдама ала алады. Ал көктемде Алматыда 100 балаға арналған "Real Madrid Foundation" әлеуметтік мектебі ашылады. Бұл мектепте 6-16 жас аралығындағы көп балалы отбасыдан шыққан балалар, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорынан айырылған және жетім балалар тегін білім алады. 

Real Madrid курсы 2016 жылы басталды. Астана мен Алматы қалаларындағы 500 бала үздік тәлімгерлердің алдынан өтіп, тегін білім алды. RMF курсының директоры Андрес Мунтанер Алматыға арнайы келіп, бұл курстың әлем бойынша танымалдылығы артып жатқанын айтты. Испан тәлімгерлері көп ұзамай Киев, Санкт-Петербург қалаларында дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, күз мезгілінде Әзербайжан елінде курстың ашылуы жоспарлануда. 
Крс жайлы толық ақпаратты мына жақтан алуға болады:

e-mail: info@frmclinicskazakhstan.com
https://frmclinicskazakhstan.com/



Бөлісу: