Армандар орындалады!

Адам баласының арманы көп болады ғой. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл істерге бастау болады. "Армансыз адам - қанатсыз құспен тең" дейді қазақ халқы. Ал мен " Арманы жоқтың - жаны жоқ", - деп айта едім. Себебі, менің ойымша жаны нәзік адамдар ғана армандай алады.

Шынымен де, адамға Алланың берген ерекше қасиеті - армандай білу. Нені, қалай армандайсың - ол адамның өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, асқақ арман деп, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. "Арманың орындалсын", - деген тілекті жиі естиміз.

Әр адамның жан жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман - бірге өседі, өркендейді., Дәл солай, менің де балалық шағымнан келе жатқан үлкен бір арманым бар, ол - Журналист болу! Есейе келе, бұл арман - алға қойған мақсатыма айналды.

Журналист - қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Ол - шындықты ғана айтатын, ұқыпты киінген, сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, білімді адам болуы қажет.

Қазіргі таңда өзім армандаған мамандығыма оқуға түсіп, білім алып жатырмын. Жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп, халқыма қызмет еткім келеді. Кім біледі бүгінгі менің арманым - ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым - ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Менің бұл арманым міндетті түрде орындалады деген сенімдемін! 



Бөлісу: