Смартфонның құпия қосымшалары

Смартфон-жай ғана ұялы телефонға қарағанда құрылымы күрделірек мобильді құрал. Жай ұялы телефон арқылы байланысуға,хабарлама жазуға және алмасуға мүмкіндік болса, қазір оның құрылымы күннен күнге дамып келеді. Мәселен, фото/бейнекамера, диктофон, әуе тыңдауға, Интернетке қосылуға болады. Смартфондардың функциясы әлдеқайда күрделі болып келеді. Аталған жүйелермен қатар, смартфонда өзіңізге ыңғайлы түрлі қосымша жүктемелерді, гаджеттер мен ойындар немесе тіпті тұтас бір электронды кітап көшіріп, жүктеп алуыңызға болады. Ал күнделікті ажырамас құралға айналған қолыңыздағы смартфонның құрылымын толық білесіз бе? Төменде көпшілік біле бермейтін кейбір жасырын функциялары мен кейбір құпияларын атап көрейік: /Android қосымшаларына арналған/ 

1. Жасырын ойын. Құрастырушылар өздеріне белгілі себептермен кейбір құрылымдарды "жасырып" қояды. Сонымен, телефоныңыздағы "Баптауларға" кіріңіз. Тізімнің төменгі жағынан "Об устройстве" батырмасын басыңыз. "Версия Android" нүктесін бірнеше қайтара тоқтаусыз басыңыз. Əлдебір гаджет шығады. Оны да бірнеше рет бассаңыз,"жасырын" ойын шыға келеді. Ендеше сəттілік!!!



 

 

 

2. Гуглдің іздеу жолын калькулятор ретінде қолдануға болады. Жолға қажетті арифметиканы амалды жазыңыз теңдігі шыға келеді.



3. Интернетсіз тегін ойын.  Мобильді пакет немесе wi-fi болмаған жағдайда,  кезекте тұрған кезде зерігіп кетсеңіз телефоныңыздан интернетсіз ойынды ойнап уақыт өткізе тұруыңызға болады. Ол үшін интернет желісіне қосылмай Гугл немесе Хром қосымшасына кіріңіз. Төмендегідей анимация пайда болады. оның үстінен бассаңыз бейне қозғалады. ойын ережесі өте қарапайым.  Кедергілерден сүрінбей өтіп, неғұрлым көбірек ұпай жинауыңыз керек.

 Жоғарыда айтылғандар кәдеңізге жарап, зеріктірмейді деп сенемін. Мақала ұнаса пікір қалдырыңыз. Жалғасы болады.



Бөлісу: