Аспириннің пайдасы

   Аспириннің біз білмейтін қасиеттері.

   Біз әдетте аспиринді (салицил қышқылын) ауырсынуды басып, қабынуды тоқтату үшін ішеміз. Сонымен қатар ол жүрек аурулары мен тромб түзілудің алдын алуда да кеңінен пайдаланылады. Бірақ оның тұрмыста көп пайдасы бар екенін көбіміз біле бермейміз.

   Жәндіктер шаққан кезде көмектеседі 

   Жәндік шаққан кезде пайда болатын қабыну мен қышынуды кетіру үшін, аспириннің таблеткасын алып, шаққан жерге ысқылау керек.

   Безеуді кептіреді

   Аспириннің таблеткасын езіп, аздаған суға араластыру керек. Сосын оны безеудің үстіне жағып, бірнеше минут ұстау керек. Артынан жуып тастаған жөн. Безеу біртіндеп кетіп қалады.

   Теріні жасартады

   Аспирин құрамындағы салицил қышқылы қызаруды, ісінуді кетіреді. Сонымен қатар ол терінің өлі жасушалары мен майдың артық мөлшерін жояды. Аспириннің бес таблеткасын езіп, оған ¼ стақан су мен бір шәй қасық бал қосып, араластыру керек.

   Осы қоспаны теріге жағып, 10 минут ұстау керек. Сосын жылы сумен жуып тастаған дұрыс. Бұл масканы үнемі пайдалану проблемалы теріге қатысты көптеген мәселелерді шешеді.

   Қатты сүйелдерді емдейді 

   Аспириннің 5 таблеткасын лимон шырыны мен жарты шәй қасық балмен араластыру керек. Осы қоспаны аяқтағы қатты сүйелге жағып, сыртынан жылы сүлгімен, оның сыртынан полиэтилен пакетпен орап тастаған дұрыс. 10 минуттан соң шешіп тастаңыз, нәтижесі таңқалдырары анық!

   Қайзғақпен күреседі

   Аспириннің 2 таблеткасын ұнтақтап, оған өзіңіз пайдаланып жүрген сусабынды қосасыз. Бірер минуттан соң әдеттегідей басыңызды жуасыз. Бұл қайызғақты жоюға көмектесіп, оның пайда болуына жол бермейді.

   Гүлдердің ұзақ гүлдеп тұруына көмектеседі

   Аспириннің ұнтақталған таблеткасын гүлге құятын суға араластырып жүрсеңіз, гүлдеріңіз ұзақ уақыт өзінің әсемдігін сақтап тұрады.

   Тердің іздерін жояды

   Аспириннің екі таблеткасын езіп, оны жарты стақан суға араластырасыз. Сосын кіимнің дағы бар жерін осы суға бірнеше сағатқа малып қоясыз. Біраздан кейін киімдегі тердің дағы кетіп қалады.

   Шаштың түсін қалыпқа келтіреді 

   Бұл, әсіресе, шашыңыз ашық түске боялған болса, жақсы көмектеседі. Хлорлы су шаштың түсіне зиянын тигізетінін білеміз. Дегенмен, аспириннің 6-8 таблеткасын бір стақан жылы суға езіп, оны шашыңызға 10-15 минутқа жағып қою арқылы шаш түсін біршама қалыпқа келтіруге болады. 

   Ас бөлме ыдыстарын майдан тазартады

   Аспириннің бірнеше таблеткасын сумен араластырып, ыдысты сүртсеңіз, нәтижесіне таңқаласыз!

    



Бөлісу: