Қолжетімді ақпараттар әлемінде

Қолжетімді ақпараттар әлемінде
жеке
блог

     Ұялы телефонға шұқшиған адамдарды кез-келген жерде кездестіру әсте жаңалық емес. Толассыз ақпарат ағыны адамзатты технологиялар әлеміне тәуелді етеді.  Қазақстандық  Zero.kz  сайтына сүйенсек,  түрлі саладағы жаңалықтарды тез арада таратуда көш бастап тұрғандар: Казахстанский Портал NUR.KZ, Tengrinews.kz: Последние новости Казахстана и мира, GISMETEO.KZ: Погода в Казахстане, ,ZAKON.KZ: Новости Казахстана и Мира. Новости права ,  Афиши кинотеатров Казахстана , 365info.kz - Аналитика. Расследования. Новости, SZH.KZ Сұрақ-Жауап және т.б.  

Бір айлық есептегі Ғаламтор қызметіне тарифтік жоспармен  шамамен 5000-8000 тг.  төлеп, қалаған ақпартымызды ала аламыз. Тіпті, кешкісін көрсететін жаңалықты  күндіз біліп отырамыз. Ақпараттың шектен тыс қолжетімділігі, түрлі сайттар мен топтардың көбеюі адамзаттық ізденуді, қызығушылықты төмендетіп жатқан жоқ па? Бір топта жарияланған жаңалық аздаған уақыттан кейін екінші топта суреті ауысқан қалпында ғана беріліп жатады. Құрғақ ақпаратты қабылдау арқылы оқырман шолақ ойлауға әдеттенеді. Орын алған жайтты я басты кейіпкерді әр түрлі қырынан зерттеп танудан, тарихи шолу жасаудан қалады. Ақпарат неғұрлым сапалы,  тереңінен зерттелген , қайталанбас дерекке толы, статистикалық мәліметтері толыққанды, шет елдік индустрия, БАҚ салаларымен салыстырмалы түрде берілген тұжырымдары мен халыққа айтар ұсыныстары болатын болса, соғұрлым құнды болады. Әрбір ақпарат таптырмас қазынаға айналу қажет.