Криштиану Роналду туралы деректер

Жақында ғана 32 жасқа толған әлемнің үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналдудың осы жасқа дейін жеткен жетістігіне қысқаша шолу жасағымыз келіп отыр. Роналду кәсіби мансабында 802 ойын өткізіп, 568 гол соққан және 215 нәтижелі пас берген. Командамен 22 трофей жеңсе, жеке марапатталған жүлделерін санап тауыса алмассың. Бірақ сонда да, солардың ішіндегі ең бастысын атап өтуді жөн көрдім. FIFA нұсқасы бойынша әлемнің 4 рет үздік ойыншысы (Алтын Доп), 4 рет Алтын Бутса иегері және UEFA нұсқасы бойынша Еуропаның 3 дүркін үздік ойыншысы. Нағыз адам аңыз! 



Бөлісу: