Жаңа жылды тойлау...

   Қияметтің кіші белгілері Ислам үмбетінде "шіріктің" пайда болуы,харам ішімдікткрдің көбеюі және оны халал деп санауы,зинақорлықтың белең алуы,ізгі амалдардың азаюы және уақыттың қысқаруы.

   Жаңа жыл мерекесін тойлау ұлттық дәстүр мен құндылықтарымызға сәйкес келмейді,сондай-ақ дін тұрғысынан мұсылман халықтары үшін дұрыс емес болып саналады.

    Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз."Ол мейрам қайдан шықты?","жаңа мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар?","мұсылмандардың тойлауы дұрыс па?" сынды сананы ой тұйығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.

    Кеше Оразада ауызашарға асыққан шала мұсылмандардың бұл күні "шампан" атуға асыққанын,шайтанды "дұғамен" атып түсіретін мұсылманның шайтанға қосылып отшашу атқанын ,Қағбаға қызығып қарамайтын надандардың "шыршаға" қызығып қарағанын,Қадір түнін күтуге шамасы жетпегендердің бұл түнді ұйқысыз өткізгенін,Құрбанға бір тоқтысын ұтиағандардың бұл күнге бірнеше есе ысырап қылғанын,Қағбаның түбі,Қадір түні мен жұма намазына арнап кимеген таза киімдерін жаңа жылға арнап кигенін,кедей ағайындары мен көршілеріне арнап жайлмаған дастархан бейтаныс пасықтарға жайылғанын көресіз.Осыдан кейін жаңа жылды тойлау дұрыс деп көріңізші?!

    Алла елшісі:"Аллаһ сендер үшін олардан да абзал болған Рамазан мен Құрбан айт мерекелерімен ауыстырды"-деген.Олай болса,мұсылман үмбетінің қуанышпен қарсы алатын,күнәдан емес сауаптан тұратын,құлшылықпен өткізетін өз мерекелері бар.Біз бен сіздің бақытыңыз үшін Алла Тағала осы мерекелерді сыйға тартқан.Аллаһ және оның елшісіне иман келтірген адам,осыны қабылдайды да,қалғанын тастайды.Алла Тағала халқымызға береке,бірлік,екі дүние бақытын нәсіп етсін!



Бөлісу: