Адамның ойын оқи алатын құрал...

Терезенің арғы жағы мен бергі жағы болатындай өмірдің де екі жағы бар. Біз тек терезенің бергі бетін ғана көреміз ал, ар жағында қандай жағдай орын алып жатқанында шаруамыз жоқ. Он екі мүшеміз сау, өз аяғымызбен жүріп, өз аузымызбен сөйлей алатынымызға шүкір. Бірақ шүкіршілікпен ғана шектеліп қалмауға тиіспіз. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны өспесе кемімей тұр. Міне осындай адамдарға көмек беруіміз керек. Мысалы Швейцариялық нейрофизиолог ғалымдары айтатын тілі мен аяқ-қолы істен шыққан мүгедектермен сөйлесе алатын технологияны жарыққа шығарды.

"Қамаудағы адам синдромы" деп аталатын ауруға адам баласы көбінесе жол апатынан кейін немесе ұзақ уақыт аурулардың салдарынан шалдығады. Мида орналасқан адамның сөйлеу немесе қол-аяғын басқаратын клеткалар істен шығады бұндайда. Ойлаған ойын жеткізе алмайтын адамдарды бұл қамаудан босату үшін талай жыл еңбек етілді, тер төгілді. 

Сынаққа дәл осы аурумен ауыратын 4 адам қатысты. Қатысушылардың барлығы өз туыстарын танитындығын және ғалымдар қойған басқа да қарапайым сұрақтарға сәтті жауап бере алған. Құрылғы сұрақ қойғаннан кейін науқастың миын бақылап отырады да, берген жауабын автоматты түрде компьютерге жазып отырады.

Ғалымдар бұл құрылғыны адаммен кез-келген қиын тақырыпта сөйлесе алатын деңгейге дейін жеткізетіндеріне уәде беріп отыр.

Міне осындай технологияларды ойлап табудың арқасында мүмкін,біз де  болашықта "Мүмкіндігі шектеулі" деген атауды жоюға өз үлесімізді қоса аламыз. Әлемдегі барлық тіршілік иелеріне қол ұшын созып, мына әлемді мейірімділік пен махаббатқа тәрбиелейік.



Бөлісу: