Қазақтардан басқа руға бөлінетін халық барма?

 

Еліміз егемендігін алып, цензура жойылып, халқымызға сөз бостандығы берілгелі, тарих тақырыбына қалам тартатындардың саны көбейіп кеткені белгілі. Соның ішінде ата-тегін білуге деген қызығушылық яғни, руға, жүзге бөліну себебін анықтау бәріне де қызық еді. Қазақтар қайда барса да, бір-бірінің руын, қай жүзден таралғанын сұрап жатады. Жалпы сіз үшін ол дұрыс па? Бұл жерде мәселенің екі ұшы бар біріншісі дұрыс екіншісі бұрыс. Дұрыс жағы қазақтардың жүзге, руға бөлінгенін материалдық жағынан қарасақ ол қанның(геннің) тазалығын сақтау үшін құрылған, қазақ ұлтының өзіне ғана тән жүйесі. Ал екінші бұрыс жағы қазіргі біздің ұрпақтарымыздың өзара руға, жүзге бөлініп кей жерлерде қырқысып қалуы. Бұл қазақтың тәрбие жүйесінің дұрыс қалыптастыра алмаған, отбасынан шығатын ұрпақтың ісі деп деп ойлаймын.

Қызық, тек қазақтар ғана руға, жүзге бөлінеді ме екен? Ойлап қарасақ ондай ұлттар да брашылық екен.Айтар болсақ бізде қазақтар батыр Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп атаймыз, ал Өзбектер де өздерін Әмір Темірдің ұрпағымыз дейді екен. Сол секілді біз ру, ақсүйек, қожа болып бөлінсек Өзбектерде хожа, бек т.б деп тармақталады. Қазақтар ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп жүзге бөлінеді ал, ондай халық жоқ. Олар тек әлеуметтік жағдайына қарап жіктеледі мысалы: байлар, орташа және кедейлер деп бөледі. Неде болса әлемдегі барлық тіршілікт иесін жаратқан тек бір Жаратушы екенін ұмытпайық.

 

 



Бөлісу: