Ақпарат ғасырының ағаттықтары.

Біреудің мүддесін қорғап, оны жақтау мақсатында объектісін мақаламен бас көтерместей төбелеп адамды депрессияға да ұшыратудан тайынбайтын журналистер көбейіп барады. Соған байланысты Америка журналистері "ит қабағаннан да  жаман" деген теңеу келтірген екен.

Бүгінде адамның антро-физикалық, психо-неврологиясына қатты әсер ететін ақпараттар түрлеріне шектеу қою заң жұзінде бекітілсе іс жұзінде жүзеге аспай жатыр. Әлеуметтік желілердегі түрлі жазбалар мен қол жетімді бейнероликтер өскелең ұрпақты этникалық жағынан азғындап жатыр. 

Түнгі сағат 12-ден кеткенде мектеп жасындағы біраз баланың ұялы телефонына  "Періні көргің келеме, онда газды ашып ұйықтап қал..." деген хабарламалар келген екен. Аталмыш факты Алматы қаласында болған. Осы оқиғаға қарап ақпараттық қауіпсіздіктің әлсіз екенін білуге болады. Егер ақараттық қауіпсіздік неғұрлым әлсіз болса, саяси-әлеуметтік , діни, психологиялық, экономика және әскери ақуал соғұрлым тұрақсыз келеді. Отанның орталығы, темірқазығы-сенім мен тұтастық. Сыртқы ақпарттық фактор дәл осы бір ұсыныстарды құртуға бағытталады. Қазіргі таңда шет ел каналдары, түрлі-түрлі бағдарламалар оның үстіне ғаламтор беттерінде адам көруге ұялатын дүниелер өршіп тұр. Капитал заманында бір жол ақпараттың өзі шарықтап тұрғанда шет елдің беделді баспалары туаралы айтудың өзі артықтау.

Бүгінде жер шары қақ жарылғандай, яғни БАҚ өкілдері Путиннің саясатын қолдаса екінші жақ, оны даттаумен айналысуда. Сонымен қатар журналистер: "Не кидің? Не жедің? Қайда демалдың?" деген жеңіл сұрақтарға бейімделіп алған. Осы уақытқа дейін Сирияда, Ауғанстанда болып жатқан діни соғысты зерттеп, нақты қанша адам қаза тауып, бұл соғыстың артында қандай саяси ой жатқаны туралы бірде-бір сауатты мақала немесе бағдарлама болмаған екен. Міне осыдай кемшіліктерге қарап болашақ журналитер осылардың орнын толтырады деген сенім мол.

 



Бөлісу: