Киелі мекен

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ –де оқу мүмкіндігі  мағанда  бұйырыпты. Шынында арман боларлықтай, атына заты сай әсем білім ордасы тамаша əсер қалдырды.

Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер. Ең бірінші  күннен-ақ студенттік өмірдің əсерлі шағы  басталып кетті.

Құрылғанына  82 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренаға өз орнын көрсете алды.Университет ұжымы көпұлтты  Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси- құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес  қосып, еліміздің жоғары  білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды. Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент  шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерей тойы аясында   «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Қызмет көрсету аясында: паспорттық үстел,  студеттерге әлеуметтік көмек кабинеттері,денсаулық сақтау қызметтері , азық-түлік дүкені, банк , кинотеатр жұмыс істейді. Ал биылғы жылы университетте жүзу бассейні пайдалануға берілді.Бүгінгі күні сүйікті университетіміз əлемдегі үздік 800 университет арасында 236 орынға ие болды. Қайсы бірін алсақта барлығы  студенттердің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

ҚазҰУ– адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақыт­ты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған оқу ордасы. Талай шəкіртке талмай білім беріп , шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын.   Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпасада ұғынықты.



Бөлісу: