Түнгі қоңырау!

 Туылған күнің құтты болсын, балам! 


Үйдің телефоны таңға жуық, сағат 03:30-да шырылдады. Ұйқылы-ояу телефон тұтқасын көтеріп, анасының дауысын естиді. 
Оның “Балам, қалайсың?”, - деген сұрағына, назданып “Не болып қалды тағы?! Тыныштық па?”, - дейді. 
- “Тыныштық қой. Жай ғана дауысыңды естігім келді”. 
- “Мама, түн ортасында сол үшін ғана звондадыңыз ба!?” 
- “Ұйқыңнан оятып жібердім бе?”, - деп сұрайды анасы, бұл сұрағына одан ары ашуланған баласы: 
- “Әрине! Таңертең звондасаңыз да болар еді ғой!”, - деп еді, анасы: 
- “30 жыл бұрын сен де мені тура осы сағатта оятқан болатынсың. Туылған күнің құтты болсын, балам!”, - дейді. 

Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.
 Анадан асқан жан бар ма?Ата-анамызды қадірлейік!

writeVideo({"src":null,"width":"320","height":"240"});



Бөлісу: