Бұрынғы қазақ пен бүгінгі қазақ.Қазақтардың сүйегіне сіңген мінезі

Бұрынғы қазақ... Қазақ болатын. Кәміл азат болатын. Бұрынғы қазақтың қазақ екендігін айқындап тұратын азаттығын, озаттығын, ғажаптығын, мәрттігін, серт-тігін көре аламыз. Ал бүгінгі қазақ ше? Бүгінгі қазақ... Бүгінгі қазақ шыны керек, қазақтығынан айырылып бара жатыр. Кім көрінгенге мазақ боп жатыр.Осының барлығы қазақтың мінездерінің кесірі...

Бұрынғы қазақтың мінезі өр мінезді,бөрі мінезді,мінезі оңды,сөзі жөнді болатұғын.
Ал бүгінгі қазақтың мінезі, адами қасиеті мүлде бөлек,мүлде ерек. Мүмкін заман ағымы,мүмкін адам тағылымы болар... Бүгінгі қазақтың кемшіл тұстары көп. Айтар болсақ, қазақтар арасында көреалмаушылық қасиеті жүлдені берер емес) Дәулеті асып не тасып бара жатса оны басып тастауға тырысады.Қысқасы,бірінен-бірінің асып түскенін қаламайды. Келесі кемшілік қазақтың үнемі кешігіп жүруі. Мысалы қазақ тойға барар болса, 3-4сағатсыз шықпайды, яғни кешігіп келетін әдеті қазақтың қанына әбден сіңген әдеттің бірі де бірегейі.

Қазақтың келесі бір мінезі-мақтаншақтық. Алты бақандық пен қазан бұзарлыққа мақтанған қазақтардың ішінен бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер боп қалды. Мақтаншақтықта қазақтың сүйегіне сіңген мінезі. Қазақтар,баяғы жартас-бір жартас болмай, сүтпен келген мінез-сүйекпен кетеді деп қол қусырып отыра бергенше, мінез-құлқымызды өзгертуге асығайық!
Сонымен солай дейік, солай боларына сенейік!
#шабыт



Бөлісу: