Миллиардты мойындатқан Қазақ

Аспан асты елін өзінің әуезді де әсем әнімен бағындырған Димаш Құдайбергенов "I am a singer" байқауының екінші сынынан да сүрінбей өтті.Әрине,әр жеңістің астында ұйқысыз түндер мен үлкен еңбек жатыр.Қазақ елін,өнерін, тілін танытып үлгерді.Оған дәлел, жақында "Өмір-ай"газетінен қытайлықтардың қазақ тілі курсына жазылып жатқандығы.Тек ол ғана емес, Димаштың киелі сахнаға киген киіміне ұқсас тауардың сатылымдағы сұранысы."Хунань ТВ" арнасында сайыс кезінде де қазақ тілінде сөйлегеніне сүйсініп отырдым.

 Ғаламтордан орындаған әнін естігенде көзіме жас келді.Қайта-қайта көре бердім. Бойымда бір намыс, мақтаныш пайда болды.Қытай сыншыларының "Екінші Витас","Витас сияқты айтады" деп берген бағасына Димаштың айтқан жауабынан-ақ мықты әнші екендігін байқауға болады."Мен екінші Витас емеспін" деп, екінші сында "Опера2"әнін әдемі орындап шықты.Әлі алдағы сыннан сүрінбей өтетіндігіңе сенемін.

Бар қазақ елі-сенің тілекшің.Алла тіл көзден,жамандықтан сақтасын.Қазақтың көк туын көкке желбіретіп жүре бер!



Бөлісу: