Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі

Жеңістің жаңғырығы-ерліктің мәңгілігі
жеке
блог

Аттанды ерлер майданға, 

Төгілген қан да аз емес.

Аналар сенді Аллаға,

Тыныштық күндер болды елес.

Сенімнің жауып жаулығын,

Мойынға артты ауыр түн.

Шыңдалған еңбек ағынын,

Жұмсайтын туды сәтті күн.

Жауынгер сыйлап ғұмырын,

Өтеді адал борышын.

Қайтарып неміс қарымын,

Сермеді ол да қылышын.

Үміттің гүлі солса да,

Жеңеді әркез мықты адам.

Мақсаты біреу болса да,

Шешуші болар әр қадам.

Жеңістің сыйлап көк туын,

Шырқалды бейбіт әніміз.

Ерліктің артып мол жүгін,

Орнады тату халқымыз!

Қуаныш жасы төгілсін,

Ойналсын күйдің күмбірі,

Халқымыз азат болғасын,

Самғасын желдің жүйрігі!

Таңменен бірге таласып,

Естілсін сәби күлкісі,

Желменен бірге жарысып,

Жүйткісін дала бүркіті!