Байлықтың 10 құпиясы

Шынайы байлықтың алғашқы құпиясы- түйсікпен (ой арқылы)сене білу. Адамдар  қолынан келген нәрсені ғана бағындырмайды, ойындағыны бағындырады. Біздің өмірлік жағдайымыз-біздің ойымыздың көлеңкесі. Адамдар мысалға жұмыста қанша ақша табамын деп ойласа,тек сол ойлағанын ғана табады. Адамның ойы мен өзіне деген сенімі ғана үлкен белестерді бағындырары сөзсіз.
Екіншісі-армандау,қалау. Егер адам бойында бірнәрсеге деген қалау,ниет болмаса,ол ештеңені бағындыра алмайды.Адам бойындағы қалау құпиясын өткен өмірдегі қиыншылықтарды еске алу,дәл осы сәттегі қиындықтар мен болашақты еш өзгеріссіз елестету арқылы оятуға болады. 
 
Келесісі-ниеттің түзу болуы.Сіз басты мақсатыңыз бен оны не үшін қалайтындығыңыздын себептерін ашып алыңыз.Мақсатыңызды қарапайым параққа жазып,таңертең, түсте,кешке оқуды әдетке айналдырыңыз.
 
Төртіншісі-жоспар.Белгілі бір жұмысқа тұрмас немесе бір кәсіпті бастамас бұрын, "сіз шын мәнінде оны қалайсыз ба?","сіздің армандарыңызға жақындата ма?" соны айқындап алыңыз.
 
Бесінші-арнайы білім. Үлкен байлыққа білімсіз ие болу қиынның қиыны.Салықтық құқық, инвестициялық бағдарлама немесе өз жұмыс шеңберіңіздегі керекті нәрсені білу.
 
Келесі құпия-қажымай еңбектену. Ешқашан алда келетін қиындыққа мойымай еңбектену.Сабырмен еңбек ету арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады.
 
Жетіншісі-шығынның есебін жүргізу.Байлық тапқан ақшаңызбен емес,табылған ақшаны тиімді пайдалана отырып,дұрыс өмір сүруіңізбен ерекшеленеді.Сіз ақшаға емес,ақша сізге жұмыс істесін.
 
Сегізінші-адалдық.Адам бүкіл әлемді бағындырса да,жылы жүрегі болмаса не пайда?!Өтірік пен алаяқтықтан байлық құру-құмға үй тұрғызғанмен тең.Өйткені ол ұзақ тұрмайды.Бір нәрсені бастамас бұрын мына сұрақтарды өзіңізге қойыңыз:
 
"Бұл заңды ма?","Маған ұнай ма?","Шығатын нәтижемен өзімді мақтан тұта аламын ба?","Осыдан кейін мен өзімді сыйлаймын ба және осы туралы жақындарыма айта аламын ба?"
 
Тоғызыншы-сенім.Әр ісіңіз нәтиже әкелетіндей сенімді болыңыз.
 
Және соңғысы-қайырымдылық. Біз айналамыздағы көмекке мұқтаж жандарға қаншалықты көмек көрсетсек,соншалықты өзімізге қайтып келеді.Айналаға көмектескеніміз,өзімізге көмектескеніміз.Қайырымдылық-адамгершілік белгісі екенін ұмытпаған жөн. Шынайы байлықтың құпиясы,міне, осындай. Әр  нәрсенің сұрауы бар екенін және де әр ішкен асымыз адалынан болғай.


Бөлісу: