Армандар орындалады...

Кеше ғана мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай оқушы едік.Көзді ашып жұмғанша мектебімізді де тәмәмдап, студент атандық. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде көп армандайтынбыз. Сол кездегі менің басты арманым өзім қалаған жоғары оқу орнына түсіп, өзім қалаған мамандықты игеріп шығу болатын. Міне, бүгінде, Әль-Фараби атындағы Қаз ҰУ, журналистика факультетінің студентімін.  Бүгінгі  таңда қызығы мен қиындығы көп студенттік өмірді басымнан өткерудемін. Студенттік өмірімді қызықты етіп бастауға септігін тигізген осы «Қаз ҰУ қалашығы » - деп білемін. Студенттер үшін бар жағдайды жасаған бұл қалашықта оқыған да арманда, оқымаған да арманда. Сондықтан, оқу орнын таңдауда  қиналған жастарға Қаз ҰУ – ымызға келуді ұсынамын. Талабы таудай жастарымыз қалаған мамандықтарын осы жерде, жоғары деңгейде игеріп шығатынына мен нық сенімдімін.  




Бөлісу: