СЕН көрмейтін ТҮС

СЕН КӨРМЕЙТІН ТҮС...

Түсімде. Иə, ұйықтап жатып, түнімен
Сені көрдім.Білесің бе, жүрсің бірге менімен
Сен сұрапсың: "Қалай, əрдайым күліп жүрсің бе?!"
Тамсанып тұрып жүзіңе сенің, Көзіңе қарап, күлдім мен!

Сенімен бірге Қүанып, толқып, шалқыдым...
Есіме түсіп, баяғы өткен бал күнім.
Сұрадың менен өмірім жайлы, "сабағың қалай күндегі?!"
-"Сабағым жақсы"...одан ары недерімді білмедім.

Таппаған жауап сауалың еді сен қойған...
Екі ауыз сөзбен "Сабағым жақсы"-, деп қоям
-Оқуға түскем, арманым еді білесің
Өмірім жайлы не дейін басқа мен саған?...

Сен кеткелі кеудемде менің көп сауал
Сұрасам қазір айтар ма екенсің шын жауап?!
(-Неге? Неліктен? Қалайша? Қайда? Кім үшін?
Ұмыттың неге уəдеңді берген,  сиқырлы сезімнің күшін?

Қоймадым сұрақ, қоюға бірақ оқталдым.
Саябақ шеті аяңдап біраз тоқтадың.
Айтқым-ақ келді бəрін де саған ,əй бірақ:
Түсімнен ғайып бола ма екен деп қорқамын....

  ...Иə, түсімде көрдім мен сені...



Бөлісу: