Денсаулыққа қатысты бұл аңыздарға сенуді доғарыңыз!

Медициналық аңыздар-бұл біздің өміріміздің мызғымас бөлігіне айналғаны хақ.Қарап отырсақ, көпшілігіміз сәбіз жесең көзің жақсы көреді,тәттіні көп жесең бетіңе дақтар пайда болады, не болмаса тамақтанғаннан кейін суға түсуге болмайды деген аңыздарды естіген болармыз.Бұл аңыздарға қарапайым адамдар тұрмақ тіпті кей дәрігерлердің өзі сенетіндігі жалған емес.Ендеше блогымыз дәл осы аңыздар жайлы болмақ.

Жарықпен нашар қамтамасыз етілген жерде кітап оқу көзіңізге зиян.Иә,кітап немесе журнал оқыған кезде жарықтың сығырайып түсуі  көзіңіздің ауруын туғызуы мүмкін.Жарықтың нашар берілуі көздеріңіздің назарын бөліп,құрғақтық сезімін туғызады.Бірақ,бұл жағдай көзіңіздің көру мүмкіншілігіне тікелей зиянын тигізбейді.

Шоколадты көп жеу беттегі дақтардың шығуына себепкер емес.Ешқандай медициналық зерттеулер шоколадтың беттегі дақтарға байланысын тұжырымдаған емес,яғни шоколадтың бұл тұрғыдан зияны дәлелденбеген.

Тамақтанғаннан кейін суда жүзуге болмайды.Бұл өте көне аңыз.Иә,әрине егер сіз ағынды суда,суда жүзу жарысында жүзбек болсаңыз,бұл сіздің өміріңізге қауіп туғызуы мүмкін.Тойып тамақтанғаннан кейін де суға түспекші болсаңыз,ол сіздің бұлшықеттеріңізге зиянын тигізеді.Алайда зерттеушілер "егер сіз жай толқында жүзбекші болсаңыз ол сізге қауіп туғызбайды",-деген мәләмдеме жасайды.

Сәбіз көздің жақсы көруіне септігін тигізеді.Бұл аңыз да бағзы замандардан бері,нақтылай айтқанда Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде туындаған.Өйткені сол замандарда британ зиялылары өздеріндегі жақындату құралдарын(радар) жасыру мақсатында,сәбіздің көмегі жайлы аңызды қалыптастырған.Әйткенмен, сәбізде көзге қажетті А витамині бар,дегенмен А витаминін көп мөлшерде ағзамызға сіңіру көзіміздің жақсы көруіне өз әсерін тигізбейді.

Шашыңызды тақырлап алсаңыз,ол қалың және қара түсті болып өседі.Шын мәнінде бұл аңыз 1928 жылы зерттелген.Және зерттеу нәтижиесінде шашты алдыртудың пайдасы,оның қалыңдауы мен қараюына байланысты дәлелденбеген.



Бөлісу: