Ең алғашқы махаббат – махаббаттың патшасы

Алғашқы махаббат... Бұл сөзді естігенде кез-келген адамның жүрегі шымыр ете қалып,ерекше күйге бөленері сөзсіз. Албырт жастық шақта өмірінде ерекше орын алған адамдарды бірі күле еске алады,бірі сол әлемге қайта оралғысы келетіндей күй кешіп, енді біреуі тұнжырап салы суға кетеді. Ал кейбіреулер тағдырдың жазуымен сол  жүректе махаббат отын алғаш лаулатқан жанмен бір жастықта қартаяды.

Махаббат дүниедегі асыл құбылыс. Оның құдіреттілігін де сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Қол бастаған батырдың да,сөз бастаған шешеннің де,тіпті бойында жылулық жоқ қатал,қатыгез адамның да осал тұсы-махаббат.Ол адамның түкпірінде жатқан мейірімділік,нәзіктік секілді қасиеттерді ашушы. Махаббат қарусыз майдан болса,жүрек-жауынгер. Біреулер ғашықтық жолында опа шеккен жауынгерлерін қайта сынауды жөн көрсе,енді бірі тулап кеудесіне симай,тыныштық таппай жатқан жүрегін күшпен басып, махаббат майданынан алып шығуды жөн көреді.

Міне,ерекше сезімдерді бастан кешіртіп,артынан таусылмас естеліктер қалдыратын ол-алғашқы махаббат. Көп ғашықтардың пәк махаббаттарының куәсі, жастық шақтарының жалынды естеліктері ол-мектеп қабырғасы мен партасы болуы мүмкін. Адал көңіл,нәзік сезім символы болған алғашқы махаббатты ұмыту мүмкін емес! Себебі ол өмірдің  ашысы араласпаған ең тәтті кезеңдерінің бірі...



Бөлісу: