Бағындырған белестер аз емес, дегенмен де...

Еліміз тәуелсіздік алғалы 20 жылдай уақыт өтті. Осы жылдардағы бастан кешірген тарихи оқиғаларды ой елегінен өткізер уақыт жетті деген ойдамын. Небәрі 20 жыл уақыт ішінде жеткен жетістіктеріміз, асқан асуларымызбен бағындырған белестеріміз аз емес. Дегенмен де, тілдің мәселесі сол қалпы, “ Баяғы жартас, сол жартас ”.

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақша КТК ойындары, қазақша курстар, қазақ тіліндегі көптеген сайыстар, жасалып жатқан игі іс-шаралар аз емес. Алайда, кей адамдарға бұл қызықты емес, әлде жасалып жатқан іс-шаралар қызықтырмайды ма немесе тілге деген менсінбеушілік пе ол да бір көкейкесті мәселе болып қала бермек. Көше кезіп бара жатқан кезде қой көзді қазақ жастарының не қазақша, не орысша сөйлей алмайтындығын байқаған кезде бір жағынан өкінішті болғанмен де екінші жағынан еріксіз езу жиюға тура келеді. Бір қызығы, тек қана қазақтар бөгде тілде сөйлейді екен. Орыс қазақша сөйлемейді, өзбек орысша сөйлемейді, ағылшын қазақ тілін білмейді. Бұл өзге ұлттардың патриоттық сезімінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді. Жақында “Саз әлемі” бағдарламасында кәріс ұлт өкілдерінің біздің халықтың әнін нақышына келтіріп айтқан кезде жүрегімді бірден елжіретіп жіберді. Сол топқа қарап, егер кей қазақтарымызда намыс болса, осы әнді естіген соң қазақша үйренуге ұмтылысы болады деп үміттендім. Осы қарбалас заманда барлығы білім мен тілдің еншісінде. Егер қазіргі жастарымыз осындай деңгейде болып тұрса, келер ұрпақ қандай болмақ деген сауал туады. Ол,әрине, уақыттын еншісінде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Абай атамыздың мынадай сөздерімен аяқтағым келеді: “ақ қағазбен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі”



Бөлісу: