Қыз да - перзентің

   Жасы қырықтан асып,ел ағасына айналған көкем бар. Елуге таясада бар күш - қайраты әліде бойында. Бала кезден ғашық болып,өмірлік жарым болады деп қалап алған жеңгем, төрт қыздан кейін құрсақ көтере алмады. Өзге ер азаматтардай “неге тұяғым жоқ,ұл туа алмадың” деп жарын жазғырып,қыздарының көңіліне қаяу салмады. Жеңгемде бір - екі рет “Мүмкін, тағы да үйленіп ұлды боларсың” деген ықыласын білдірді. Бірақ көкем келіспеді.Қай әйел өзінің күйеуін өзгемен бөліссін? Бұл да бір Алланың пендесінің маңдайына жазған сынағы болар. Алла берген төрт қызын құтты орнына қондырса ағамнан артық бақытты әке болмас еді.

 Ата бабамыздың заманында бір байдың үш қызы болыпты. Ұлының болмағанына қапаланған бай үнемі “Қыз - ұл болмайды, ешкі - ет болмайды, есек - көлік болмайды, шәй - ас болмайды” деп отырады екен. Сол байдың қыздары бой жетіп, өз елдеріне ұзатылып кетеді. Ал, бай болса, кемпірі екеуі қыздарынан алыста, жалғыз қалады. Бір қыста байдың ауылына жұт келіп, байдың жиған малының бәрі қырылып қалады. Көктем шыға мал мүліксіз қалған бай қыздарының еліне сапар шегеді. Болған жағдайдан хабардан болған байдың қыздары мен күйеу балалары өзара ақылдасып, қолдарынан келгенше әкелеріне көмектеспек болады. Осылайша бар әр қызының ауылына барғанда ет жеп, жүз қойдан, он сиырдан, жиырма жылқыдан айдап өз еліне қайта оралады. Өз еліне келіп аман есен жайғасқан соң, бай ел алдында “Қыздарым ұлдардан артық,әкесін ұмытпайды. Ешкінің еті майлы болса, ет болады. Есек жүк артса көлік болады. Алыс жолда шайдан артық ас болмайды екен” деп бұрынғы көзқарасын өзгертеді.

 “Ұлым,ұлым” деп бар жағдайын жасап, әлпештеп өсірген талай ұл қазіргі кезде ата - анасының көңіліне қаяу салып, әйелінің артынан керіп, анасын қараусыз қалдырып жатыр. Сондықтан да, мейлі қыз, мейлі ұл болсын саналы болсын,дені сау болсын деп тілеген жөн.Күпірлік жасамаңыз қыз да перзентіңіз. Ұлым жоқ демеңіз. Одан да қыздарыңыздың әдепті,иманды етіп тәрбиелей біліңіз.



Бөлісу: