Діни тұрақтылы – қоғам тыныштығы

Облыс әкімі К.Көкрекбаевтың бастамасымен әзірленген облыстағы діни ахуалды тұрақтандыруға арналған іс-шаралар кешенінің желілік кестесіне сәйкес, Тараз қаласы мен аудандарда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Есепті мерзім ішінде, 2505 іс-шара өткізілген.

Облыста 11 конфессиядан құралған 324 діни бірлестіктер мен филиалдар мемлекеттік тіркеуден өткен екен. Атап айтқанда:
- «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі (бұдан ары - «ҚМДБ» РИДБ) филиалдарының жалпы саны - 279.
279 мешіттің 262-нде арнайы бұйрықпен тағайындалған болса, 17-сінде имам жоқ. Имамы жоқ 17 мешіттің барлығы ауылдық жерлерде орналасқан мешіттер болып табылады.
Имамдардың 11,3%-ы жоғары, 20,4%-ы орта (медресе бітірген), 68,3%-ы сауат ашу курстарынан өткен.
Облыс бойынша мешіттерге келуші жамағаттың саны 29 мыңға жуық. Оның 35%-ы 14-29 жас, 45%-ы 30-63 жас аралығындағылар болса, 20%-ын 63 жастан жоғарғылар құрайды.

- Облыста 8 Православ бағытындағы діни бірлестіктер және 1 өкілдік өз қызметтерін атқаруда. Аталған діни бірлестіктерде қызмет атқарып отырған дінбасылардың 87,5%-ы жоғары білімді, ал 12,5%-ы орта білімді.
Жалпы барлық шіркеулерді алғанда шіркеуге тұрақты келушілердің саны шамамен 700 адам.

- Облыста 1 Рим-католик шіркеуі («Құдай Ананың Успения атындағы Рим-Католик Келу Орны» діни бірлестігі) қызметін жалғастыруда. Шіркеуге келушілердің саны 100 –ге жуық.
Шіркеуде Италияның азаматы, дін қызметшісі - Стефани Эдуардо Жозе, Оңтүстік Корея азаматшалары – Ким Кыеонгмин және Янг Еонкеунг миссионер ретінде қызметтерін жалғастыруда. Олардың қызметі Басқарманың тұрақты бақылауында екен.

- Облыс аумағында протестанттық бағытта 32 діни бірлестік және 3 филиал қызметтерін атқаруда. Келушілердің саны 3000-нан астам.

Миссионерлік қызметтің жағдайы
Облыс аумағындағы діни бірлестіктерде қызмет атқару үшін 8 миссионер тіркеуден өтіп, қызметтерін атқаруда. Олар:
1. Италия азаматы, «Құдай Ананың Успения атындағы Рим-Католик Келу Орны» діни бірлестігінің пасторы - Стефани Эдуардо Жозе;
2-3. Оңтүстік Корея азаматтары, «Таразская христианская миссия «Мир», «Тараз пресвитериан шіркеуі» жергілікті діни бірлестіктерінің пасторлары – Ли Ын Джун, Ха Енг;
4-5. Оңтүстік Корея азаматшалары, «Құдай Ананың Успения атындағы Рим-Католик Келу Орны» діни бірлестігінің атынан тіркелген – Ли Якенг және Янг Еонкеунг;
6. Мысыр азаматы, «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің атынан тіркелген – Сулейман Саид Сулейман Аласфар;
7. Германия азаматы, Жаңаапостолдық шіркеудың атынан тіркелген - Книспель Удо Курт;
8. Қазақстан азаматы, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, Жаңаапостолдық шіркеудың атынан тіркелген - Ханаев Сергей Николаевич.
Миссионерлердің қызметі бақылауда. Есепті мерзім ішінде, заңбұзушылықтар орын алмаған.

Рухани (діни) білім беру қызметі
«Һибатулла Тарази» медресесі өз жұмысын жалғастыруда. 2016-2017 оқу жылына медресе қабырғасына жаңадан 34 шәкірт қабылданды. Өткен жылы 25 шәкірт қабылданған болатын. Жыл санап шәкірттер саны өсуде.
Шәкірттердің дені облымыздың аудандарынан келген жастардан тұрады, сондай-ақ, Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген жастар да бар.
2015-2016 оқу жылында «Һибатулла Тарази» медресесін алғаш 10 шәкіртіь (Мойынқұм ауданынан 1, Талас ауданынан 1, Жуалы ауданынан 1, Байзақ ауданынан 1, Жамбыл ауданынан 2, Меркі ауданынан 1, Қордай ауданынан 2, Шу ауданынан 1) тәмәмдаған.
Оның 3-еуі «Нұр-Мүбәрак» университетіне оқуға түссе, 1-еуі Түркияға (Ж.Ақжігіт (25.09.1995 ж.) – Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Абылайхан к-сі, 103 үйдің тұрғыны) оқуға кеткен.
5-еуі облыс аумағындағы мешіттерге діни қызметкерге тағайындалған.

 



Бөлісу: