Облыстағы жастардың жұмыспен қамтылуы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні облысымызда 14 пен 29 жас аралығында 277 674 жас бар. Яғни, жастар жалпы облыс халқының 25,3 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қалалық жерлерде - 108 731 адам (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), ауылдық елді мекенде - 169 043 жас тұрады. Екі мыңға жуық жастарымыз Отан алдындағы әскери борышын өтеуде.
Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі де жыл санап артып келеді. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатына жалпы 424,5 млн.теңге қаржы бөлінсе, оның аудандар мен Тараз қаласына 317,7 млн.теңгесі тиесілі екен.
Облыс бойынша 3 жоғары оқу орнында 12 724 студент оқуда.
2015-2016 оқу жылында 48 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 27 701 студент 85 мамандық, 133 біліктілік бойынша білім алуда.
Ал, 27 кәсіби-техникалық оқу орындарында 26 мамандық бойынша оқытудың дуальді жүйесі енгізіліп, оған 1951 студент қамтылды.
Облыста биыл кәсіби-техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі өсіп 3740 орын бөлінген.
2015-2016 жылында жоғары оқу орнын 4276 студент бітірсе, орта арнаулы оқу орнын 48 мамандық, 76 біліктілік бойынша 4147 студент оқуларын аяқтады.
Өткен жылы орта арнаулы оқу орнын бітірген студенттердің 78,1 пайызы мемлекеттік тапсырыс аясында жұмысқа орналастырылған және жайластырылған.
Қазіргі таңда облыс бойынша мемлекеттік қызметтегі бос орындардың жалпы саны 426-ны құраса, оның ішінде 177-сі аумақтық департаменттерге тиесілі болса, 249-ы жергілікті атқарушы органдардағы бос орындар екен.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын айқындаған болатын.

Жыл басында облыс бойынша 884 NEET жастар анықталса, «Жастар ресурстық орталықтарының» ықпалымен оның 35-і жұмыспен қамтылса, 35-і «Жұмыспен қамту» орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркелген, ал 1-і Жастар практикасына жолданған, 20 жас уақытша жұмысқа тартылыпты. Атап айтқанда, Байзақ ауданы бойынша 39 NEET жастар анықталса, Жамбыл ауданында 123 жас, Меркі ауданында 77 жас, Қордай ауданында 25 жас, Мойынқұм ауданында 73 жас, Т.Рысқұлов ауданында 108 жас, Шу ауданында 193 жас, Талас ауданында 58 жас, Жуалы ауданында 87 жас, Сарысу ауданында 101 жас анықталып, тіркелген. Адрестік жұмыстардың нәтижесінде Жамбыл ауданында 7 жас жұмысқа орналасса, Меркі ауданында 1 жас «Жұмыспен қамту» орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Қордай ауданында 1 жас «Жастар практикасы» жобасы бойынша жұмысқа жолданса, Шу ауданында NEET жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріліп, нәтижесінде 25 жас уақытша және тұрақты жұмыстарға тартылды. Ал, Т.Рысқұлов ауданында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 жас жұмыссыз ретінде аудандық «Жұмыспен қамту» орталығына тіркеліп, 3 жас жұмыспен қамтылды. Талас ауданында жастармен жүргізілген адрестік жұмыстардың нәтижесінде 2 жас қоғамдық жұмысқа тартылса, 4 жас жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту» орталығына тіркелді. Ал, 8 жас жалдамалы жұмысшы ретінде шаруа қожалықтарда жұмыс атқаруда, Сарысу ауданында 10 жас «Жасыл ел» еңбек жасақтарында жұмыс атқаруда.


Жастар арасындағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесі
Жастар арасындағы басты мәселелердің бірі, оларды жұмыспен қамту. Осы бағытта басқарма тарапынан жастарды уақытша жұмысқа тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға баулу мақсатында «Жасыл Ел» мен студенттік құрылыс еңбек жасақтарының жұмысын үйлестіруге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3,0 млн. теңге, ал, жергілікті бюджет есебінен студент жастарды уақытша жұмысқа тарту мақсатында Тараз қаласы мен аудандарда еңбек жасағындағы 800 жасты уақытша 2 айлық жұмыспен қамтуға 18 млн. 812 мың теңге қарастырылып, жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда еңбек жасақтарының ықпалымен айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға жұмылдырылуда.
Ал, 8 жасақтан құралған 97 жауынгер Тараз қаласы мен аудандарда 8 нысанға жұмылдырылып жұмыстарын жасаған.
«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету басты мәселелердің біріне айналып отыр. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 151 маманға тұрғын үй алу үшін 480,4 млн. теңге қаралса, 449 маманға 118,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы беру көзделуде.
Тараз қалалық және аудандық жұмыспен қамту уәкілетті органдар мен жұмыспен қамту орталықтарының ықпалымен ағымдағы жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдірген 5345 адамның 3447-і тұрақты жұмысқа орналасып, 701 адам жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 757-і жастар практикасына және 21 адам кәсіби оқытуға жолданған.
Жыл басынан барлығы 1078 түлек жастар практикасына жолданған. «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде уақытша сипатқа ие болғанымен, жыл басынан мерзімдері бітпей тұрып-ақ 46 түлек тұрақты жұмыстармен қамтылып отыр.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2380 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынса, оның ішінде 1181-і (49,6%) жастар болып табылды. Бағдарлама бойынша жастардан 544 адам бос және жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасса, 33 адам 1-ші бағыт бойынша жөндеу жұмыстарына қатысты, 7 адам шағын несие алып, 3-і өз істерін ашты, 143 жас кәсіптік оқытуға жолданып, оқуын аяқтаған 32-нің 22-сі тұрақты жұмысқа орналасты, 133 жас әлеуметтік жұмыс орындарына және 321 түлек жастар практикасына жолданған.
Жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың 1-тоқсанында 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жыл қорытындысындағы 5,3 пайыздан 5,1 пайызға, 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,6 пайызға төмендеген.

 



Бөлісу: