Жамбыл облысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде атқарылып жатқан жұмыс барысы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын айқындаған болатын.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын іске асыру бағытында жалпыұлттық жобасын қолдау, жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ұлт болашағы - 100 нақты қадам» атты жастар акциясы,«100 нақты қадам - «Мәңгілік ел» болуға бастар жол» тақырыбына кездесу,«Бір алғысың - мың алғыс!» атты жастар акциясы мен флеш-моб, «Жастар - болашақтың басты тұлғасы!» тақырыбына жастармен кездесулер өткізілген.
Ұлт Жоспарының негізгі мақсаты - қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды делінген бағдарламалық құжаттың 1-қадамы - Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. Сол себепті, болашақ жас мамандарды бір ортаға жинап олардың арасында қарым-қатынас орнату, өзара пікір-алмасу алаңын қалыптастыру, жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және білімі мен біліктілігін көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе «Мемлекеттік қызметтегі жастардың рөлі» тақырыбына «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітіретін студенттермен кездесу өткізілген.
Жыл басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»атты Қазақстан халқына Жолдауын ауыл жастары арасында насихаттау және талқылау мақсатында «Жолдау қуаты - жастар ықыласы!»атты ақпараттық-насихаттық автокеруені облысымыздың 10 ауданында болып, түрлі саладағы жастармен семинар-кеңестер, жастар форумдарын ұйымдастырып, аудан тұрғындарымен кездескен.
Сондай-ақ, 13 қадам - Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің салалық іс-шаралар жоспарына сәйкес шаралар өткізілу үстінде.
Атап айтқанда, білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Тараз қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында емтихан тапсыру кезеңімен орайластырып «Таза сессия» акциясы өткізілген. Акция барысында емтихандарға әр оқу орындарынан бақылаушылар қатысып, емтихан тапсыру кезінде студенттерді қадағалап, бақылау актілері толтырылған.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, бүгінгі күні облысымызда14 пен 29 жас аралығында 277 674 жас бар. Яғни, жастар жалпы облыс халқының 25,3 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қалалық жерлерде - 108 731 адам ауылдық елді мекенде - 169 043 жас тұрады. Екі мыңға жуық жастарымыз Отан алдындағы әскери борышын өтеу үстінде.

 



Бөлісу: