Қараңғыдан жарыққа бір қадам!

Мен болашағы жоқ адамдардан қорқамын. Кейде,  менде болашағы жоқ адаммынба деп ойлаймын.  Себебі, өткенмен өмір сүру қорқынышты болса да, сонымен өмір сүріп келемін. Өткенге деген өкініш, қайғы менің мына кішкентай ғана жұдырықтай жүрегімді жаулап алған. Мен өзімді тап бір қараңғы әлемде жүргендей сезінемін. Жан-жағымда жарқырап тұрған жарықтарды жан дүнием сезгенімен, сол қайғы, қасірет мені жарыққа ешқашан шығармайтындай. Неге мен өткеннмен өмір сүруге тиіспін? Мен бұл сауалға талай рет жауап іздеп көрдім. Жауабын табу маған қатты қиынға соғуда! Шынымен, мен бұл қараңғы әлемнен шыға аламын ба? Тіпті, жарыққа шығу үшін өткенді ұмыту керек екенін білемін. Бірақ мен ешқашан өткенді ұмыта алмайтын шығармын деп іштей көңілім де құлазиды. Жә! Өмір адамға бір- ақ рет беріледі! Сонықтан да оны лайықты сүру қажет! 

Егер сіздерді де осындай ойлар мазаласа, еш мұңаймаңыздар! 15секунд бойы күлімсіреп тұрып айнаға қарасаңыздар көңілдеріңіз жадырап шығары сөзсіз! Армандарыңыздың артынан ере беріңіздер!

Бұндай жағдайлардан шығу үшін өз нұсқаларыңызды пікір етіп жазуды ұмытпаңыздар!) Бәлкім, сіздердің ойларыңыз көп жандарға қараңғыдан жарыққа ұмтылуға септігін тигізер)




Бөлісу: