Құшағы кең қарашаңырақ

                                                     Құшағы кең қарашаңырақ
жеке
блог

ҚазҰУ мыңдаған жүректерге үміт сыйлаған бірегей университет. Алыстан арман қуып келген қаншама түлектің үкілеген үмітін жаққан құшағы кең қарашаңырақ. Менің журналистика факультетінің студенті атануым бойыма  үлкен абырой, зор қуаныш ұялатты. Жоғары оқу орныма жасаған алғашқы қадамдарым мен үшін өте ыстық.

  Алаш алыптарының ізін жалғаған журналистика факультетінің ұжымы жыл сайын ұшқыр ойлы студенттердің талабын арттырып, нағыз майталман етіп тәрбиелеп шығарады. Ұлықты ұстаз, "журналистика" факультетінің деканы-Сағатбек Медеубекұлы, Клара Қабылғазы, Аманқос Құлтанұлы, Кәкен Қамзаұлы, Алмагүл Алиқызы, Жидегүл Әбдіжәділқызы, Әмір Молдабеков, Бауыржан Омарұлы сынды көнені көзден өткізіп жаңамен сабақтастыра білген қаншама білікті де білгір дәріскерлерден құралған фаукльтет дарындыларды даралайтын мекен дер едім. Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектер қауымына алғашқы күндерден-ақ құшағын айқара ашатын кеңқұшақты мекен. Ол кімді болмасын өзіне баурап алатыны сөзсіз.  Мен болашақ журналист ретінде өзіме оймақтай ой түйіп, алдыма мәртебелі мақсаттар қойдым. Мен Мәңгілік Елдің келешек ұрпағы ретінде журналистиканың ғұмырлы болуы үшін тынбай еңбек етуім қажет. Ең бастысы, егеменді елімнің келісті кірпішіндей қалансам деймін.