Сананы улаған - сериал

Сананы улаған - сериал
жеке
блог

 

Еуропа жиһанкездерінің өзі тылсым ғажайыптар мен ғаламат байлық елі деп баға берген Үндістанның кино әлеміде қаншалықты байлықтар мен ғажайыптарға толы?..

Бүгінде көпшіліктің көгілдір экраннан көз алмай көрері алан түрлі сериалдар топтамасы. Әсіресе, естіген жанды көңілді әуенімен елітіп, ырғақты биі, сәнді сариымен қызықтыратын – үнді сериалдары осы топтаманың көшін бастап тұр.  

Көрерменге көркем көрініс сыйлайтын көк жәшікті қосып қалсаңыз үнді сериалдарынан көз ашпайсыз. Оның дәлелі, қазіргі таңда КТК арнасында «Тағдырмен тартыс», 31 канал «Киелі неке», Астана арнасы «Жетім жүрек», Еуразия бірінші арнасынан «Джодха және Акбар» сериалдары көрермен назарында болса, 2008 жылы бастау алған «Келін» телехикаясының бүгінде 2069-2070-шы сериясы көрсетіліп жатыр.

Сол жылдан бастап көрерменге жол тартқан үнді телехикаяларына ықылас та ерекше. Сұранысқа ие сериалдардың кейбірі салт-дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға көлеңкелі жағын түсіріп үлгерді. Үнді елінің мәдениетіне деген қызығушылықтың салдарынан  2013 жылдан бастап Қазақстан қалаларында «Холи» фестивальі ұйымдастырылып келеді. Бұл фестиваль елімізде дәстүрге айналып отыр.

Санамызды улап жатырған сериалдардың маңыздылығы неде? Не себепті сананы улаған сериал дейміз? «..Қазір еліміздің арналарында үнді сериалдары жүріп жатқан сайын, сол жақта өмір сүруге деген құштарлығым күннен-күнге нығаюда... Үндістан туралы айтылса, елең етем. Үнді  жігітке тұрмысқа шығып, Үндістанға кетсем деп те армандаймын» - деп пікір қалдырған екен massaget.kz сайтына есімі құпия бір бойжеткен.

Қазақстандағы телеарна мен басылымдардың бірінші басшылары ойларын айтқан кеңес барысында «Астана» телеарнасының директоры Ләззат Танысбай « Біз Қазақстанның телесериалын түсіру үшін бір сериясына 20-25 мың доллар жұмсаймыз. Ал, сол баяғы үнді сериалының бір сериясын біз 350 долларға сатып аламыз»-дейді.  

Сөз соңында айтарымыз, телехикаяға байланып күнімізді өткізбей, болашаққа тағылымды дүние қалдыруға тырысайық!