Солмас гүлің - Ана

 Біздің топта бойы ұзын,арық,қылықты қыз оқиды.Бүгін аудиторияға күндегідей емес көңілсіз кірді.Барлығының бетінін жай ғана сүйіп,орнына отырды.Не болғанын,кім ренжіткенін білгім келіп,қасына отырып,әңгімеге тартып,сұрай бастадым.Әңгімесін "анамды қатты ренжітіп алдым"-деп бастады.

-Бүгін ұйықтап қалдым, сол үшін маманы ренжіттім алдым және папаның туған күні...

-Торт сатып ал,үйге барғасын кешірім сұра!

-Білесің бе,сабақ басталғалы өзіме уәде бердім,"маманы ренжітпеймін" деп.Уәдемде тұрмадым бүгін- деп басын иығыма қойды да көзін жұмды.

-Ал сен білесің бе,ана ешқашан баласына ренжімейді,әр сөзін кешіреді,орынсыз қылығынада кешірімді болады.

Көзін ашып,жымиып,бетіме қарап "распа" деді.

 Расымен,қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда алтын аналарымыздың қадірін білмей,бағаламай жатамыз.Шетке шыққанда сағынып,ауырып қаласа өз қатемізді түсініп,кешірім сұраймыз.Бұ жалғанда жердегі жәннәт ананың табанының астында екенін ұмытпайық!



Бөлісу: